Философия-қазақ ойшылы Абай жазып кеткендей, өзіңнің ішкі дүниеңе терең бойлау және де адам бойындағы бес асыл қасиет бар.Олар талап,еңбек,терең ой,қанағат,рахым,осы қасиеттерді өмірде пайдалану;
Философия-философиялық ойлаудың үлгілерін меңгеру және оны рухани өмірде пайдалану;
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.Таным сезімдік және рационалдық болып екіге бөлінеді:
Сезімдік танымға: түйсік, қабылдау, елестету ал, рационалды танымға (ақыл-ой, парасатты) ұғым,пікір,ойтұжырым. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестету жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.