Тақырыбы: Орталық ортағасырлық Азияның мәдениеті. Жібек жолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде



бет3/6
Дата14.04.2022
өлшемі26,86 Kb.
#139229
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Òà?ûðûáû Îðòàëû? îðòà?àñûðëû? Àçèÿíû? ì?äåíèåò³. Ƴáåê æîëû ?à
Оқушының динамикалық даму күнделігі, Оқушының динамикалық даму күнделігі, Оқушының динамикалық даму күнделігі, Оқушының динамикалық даму күнделігі, Оқушының динамикалық даму күнделігі, 1356328034432
4. Қарахан кезеңіндегі мәдениет
Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды.
Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды. құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композиция типтерін қалыптастыруға, арка, күмбез құралымын (конструкциясын) кеңінен қолдануға, көркемдеу әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты. Олардың сыртқы қабырғалары, күмбездері мен күмбезге ұласатын тұстары өрнекті кірпіш өрілімімен нақышталса, ішкі еңселері ғимарат құрылымымен үндес ою-өрнекпен әсемделді. Құрылыстарда қашап, құйып, исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Қала мәдениетінің дамуында ислам дінінің маңызы артты. Мұсылман діні қалаларда қарқынды дамып, орта ғасырлық араб ғалымы әл-Макдиси мешіттердің қалалардағы міндетті құрылыстардың біріне айналғанын айтады.
Мешіт пен мұнара әкімш. биліктің және билік басындағылардың дінге адалдығының нышанын білдірген. Қарахан әулетінің билігі тұсындағы сәулет өнерінің үлгілері Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы моншалардан айқын көрінеді. Шығыс қалаларында моншаның қоғамдық құрылыстар қатарында маңызды орын алғаны мәлім. Археол. зерттеулер қала тұрғындарының өмірінде мәдени-қоғамдық мәні артып, мешіттен кейінгі кісі ең көп баратын орынға айналған моншалардың орындарын анықтады.
Сәндік қолданбалы өнер Қарахан әулеті заманының өнері көбінесе, ыдысты өрнектеу, зергерлік және сәулетшілікте айқын көрінді. Үйлерді сәулеттендіру, безендіру құрылыс материалдарымен (сары топырақ, кірпіш, ганч, т.б.) және олардың өңделу технологиясының жетілдірілуімен байланысты болды. Шеберлер тегіс қабырғаны кірпішті қырынан, жалпағынан, тігінен, жалпы қатардан жылжытып қалау арқылы белгілі бір сурет бедерлермен көркем өрілім түзген. Бейнелі қалау осылайша қалыптасты. Қарахан әулеті заманының өнерінде оюлы, жылтыратылған кірпіштер кеңінен қолданылды
Қарахан әулеті заманының өнері мұралары орта ғасырдағы қазақ сәулет өнері мен сән және қосалқы өнерінің даму кезеңдерін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет