Гетерогенді қоспаларды бөлу - 3.Магнитпен бөлу – бұл әдіс қоспа құрамындағы бір зат магнитке тартылатын жағдайда қолданылады. Темір және күкірттің қоспасын бөлу үшін темірді магнит көмегімен тартып алуға болады.
- Гетерогенді қоспаларды бөлу
- 4. Буландыру. Кристалдау – еріген затты, мысалы, ас тұзын ерітіндіден бөлу үшін оны буландырады. Су буланып ұшады, ал кәрлен табақшада ас тұзы қалады. Кейде ішінара буландыруды қолданады, нәтижесінде концентрлі ерітіндіден еріген зат кристалл түрінде бөліп шығады.
- Гомогенді қоспаларды бөлу
- 5. Дистилдеу немесе айдау – қоспаны тазартудың бұл әдісі біртекті қоспадан қайнау температуралары әртүрлі заттарды бөлуге негізделген. Дистилдеу (айдау) - ұшқыш сұйықтықтарды алдымен буландырып, содан кейін бірден салқындатып, сұйық күйге ауыстыру әдісі.
|