Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Практикалық сабақтар
Тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің принциптері
Орындаған: Курбаналиева Лаура Нурлубековна
Факультет: Педагогика және психология
Мамандық: 6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Тексерген: Салгараева Гулайым Ибрагимовна
Алматы-2021
Отбасы тәрбиесінің принципі
Тәрбие принциптері – тәрбие жұмысының іс-әрекеттерін /тактикасын/ педагогикалық тұрғыда сауатты жүргізуге көмектесетін кез келген уақытта, тіпті, барлық жерлерде басшылыққа алуға қажетті өмірлік қағидалар.
Сонғы кездерде қоғамның демократиялық тұрғыда жаңаруына байланысты тәрбие принциптері де қайта құрылып, кейбіреулері ішінара жаңаша мазмұнмен толықтыруда.
Бүгінгі таңдағы тәрбие процесінде бұрынғыдай тек ересектер үстемдік жүргізіп, балалар мен оны құрметпен тыңдайтын, оның айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген монологизм принципі, ендігі жерде ересектер мен балалар тең құқылы тәрбие субьектісі ретінде танылып диалогизм принципіне ауысуда.
Қазіргі кезеңдегі отбасы тәрбиесінің маңызды принциптеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
1.Мақсатылық принципі
Отбасы тәрбиесінің мақсаты қоғамдық тәрбиенің мақсатымен бірдей емес. Қоғамдағы саясатына байланысты болып белгіленеді. Мысалы: қазіргі кезде қоғамның адамдары білімді, бірнеше тілді білуге ұмтылған, адамсүйгіш, іскер, шығармашылығы мол, техникадан білімділігі, экологиялық, эстетикалық тәрбиесі болуымен ерекшеленеді.
2.Ізгілік принципі
Адамға деген сүйіспеншілік – шынайы, ақылмен санасу. Жалпы ізгілік принципі ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастың өзара құрметке, ынтымақтастықта, сүйіспеншілікке негізделіп құрылуын көздейді.
3.Жүйелілік принцип
Баланың тәрбиесіне үнемі көңіл бөліп отыру .Отбасындағы жеке тұлғаның дамуына жан-жақты ықпал ету,тәрбиенің мақсат мазмұны, құралдары мен әдіс- тәсілдерінің тұтас жүйесі арқылы жүзеге асады, сонымен қоса педагогикалық принциптің барлық қырлары мен факторларының да әсері мол.
Достарыңызбен бөлісу: |