ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУ МЕН ОҚУДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Орындаған:Торебекова С.Е.
*«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққан. *Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин Бағалау Оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жобда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі(1-5 дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі. Ал ЖОО бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі Бағалаудың екі аспектісі Оқуды бағалау (жиынтық бағалау) Оқыту үшін бағалау (Форматив-тік бағалау)
“Бағалау” термині “жақын отыру” дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, бақылауы болып табылады Бағалау қамтиды:
Қадағалау;
Алынған мәліметтердің интерпретациясы;
Бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау
Оқуды бағалау Мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке “сәйкес/сәйкес емес” деген нысанда жасалады