Тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынас Презентация



Дата07.02.2022
өлшемі452,9 Kb.
#87325
түріПрезентация
Байланысты:
5 апта педагогикал


Тақырыбы:Педагогикалық қарым-қатынас
Презентация
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас процесінің құрылымына (В.А.Кан-Калик бойынша):
1. педагогтың сыныппен қарым-қатынасын алдын-ала модельдеу (болжау) – бұл кезең аудиторияның танымдық әрекетінің сипаты, мүмкін болатын кедергілер, жұмыс динамикасы сияқты ерекшеліктерін білуді қажет етеді.
2. бастапқы байланыс кезіндегі қарым-қатынасты ұйымдастыру (коммуникативті шабуыл) – топты жұмыс істеуге белсенді тартуды қажет етеді және өзін-өзі көрсету мен динамикалық әсер ету әдістерін меңгеруіне байланысты.
3. дамушы педагогикалық процесс барысында қарым-қатынасты басқару – оқушылардың инициативасын қолдау, диалогтық қарым-қатынас ұйымдастыра алу және шынайы өмірден мысал келтіруіне байланысты.
4. жүзеге асырылған қарым-қатынас жүйесін анализдеу және оның алдағы іс-әрекетін модельдеу.
Зерттеушілер мұғалімнің сыныпқа деген қарым-қатынасының 3 стилін бөліп көрсетті:
Тұрақты-жағымды стиль. Мұғалімнің балаларға деген тұрақты эмоционалды жағымды қатынасымен, қиын сәттерінде көмек көрсетуімен оқу әрекетіндегі кемшіліктерге, іскерлік жауап қайтаруымен, балалармен қарым-қатынас кезінде сабырлылықпен сипатталады.
Пассивті-жағымды стиль. Балаларға деген қарым-қатынасының эмоционалды жағымды сипатының айқын еместігімен ерекшеленеді.
Тұрақсыз стиль. Бұл стильде мұғалім өзінің қарым-қатынасын жағдайға байланысты өзгертеді. Сондай-ақ мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас жасауы өзінің көңіл-күйіне сол уақыттағы эмоционалдық жағдайына байланысты.
Кез-келген педагог өзінің педагогикалық іс-әрекеті барысында бірнеше басқару стильдерін қолданады:
Авторитарлы - өзіне бағытталған стиль.
Либералды – ұжым өміріне араласуды қаламайды, белсенділік танытпайды,
Демократиялық – ұжым пікіріне келушілік
Ұстаз сөзінің қызметі төмендегіше көрсетіледі:
  • сөз арқылы оқушыларға білім беруі немесе білім мазмұныны жеткізуі;
  • оқу әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етуі;
  • оқушы мен мұғалім арасындағы қарым –қатынастың нәтижелің болуына шарт түзуі;


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет