Тақырыбы: Пән бойынша бағалаудың тиімділігі мақсаттары


Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай



бет6/9
Дата28.11.2023
өлшемі30,16 Kb.
#193841
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Назерке жоба

Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай:
1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?
2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?
3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме?
4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ?
Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады», делінген. Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді. Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру шкаласы бойынша есептеп көрсетуге болады. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек.


Топтардың жұмысын бағалау үлгісі (оқушылар құрастырған)
Топ№ Топтағы ынтымақтастық Тәртібі жұмысқа қатысы Тақырыптың ашылуы Өзге топтарды тыңдауы сұрақ беруі толықтыруы Ақпараттарды өңдей алуы жаңа идеялар Жалпы балл
1
2
3
Осы жұмыс барысында ұтымды болғаны жаңа терминдер дайын күйінде берілмей – өзара талдау нәтижесінде өз бетімен меңгерілгені. Оқушылар
терминдерге өз сөздерімен түсінік берді. Уақыт аяқталған соң, топтар өз жұмыстарын қорғады. Бағалаушы топ әр топтың жұмысын мұқият тыңдап, ескертпелерін ескертіп, критерийге байланысты толық түсінік беріп, бағалап бергендіктен, еш топта бағаға дау болмады. Сонымен қатар, өзім де топтарға бағалау жүргізіп отырдым.
Топтағы жеке оқушыны бақылау үлгісі
Әр тоқсанда жеке оқушыға арналған қалыптастырушы бағалау күнделігін жүргізу мұғалім үшін тиімді болатыны сөзсіз. Бағалау күнделігі оқушының жыл басынан бастап пәнді игеру жетістігі туралы толық мағлұмат береді.
Қалыптастырушы бағалау үшін не қажет?
1. Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды.
2. Кері байланысты қамтамасыз етеді.
3. Ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткішін анықтайды.
4. Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.
Ø Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі;
Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек. Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты,бақыланатын,өлшемді мақсатқа жауап беру керек.
Ø Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;
Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім дұрыс жауап беру үшін балаға уақыт беру керек. Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып, баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады. Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп, нені ойлап, қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.
Ø Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
«Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. Сондай ақ түрлендіру, дамыту, толықтыру керек. Әртүрлі қалып пен мәтінде қарастыра білу керек.
Ø Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі;
Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек.
Ø Оқушылардың өз жұмыстарын талдауға мүмкіндіктері мен біліктері
Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау және бірін бірі бағалау парақтарын ,өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.
Ø Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.
Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебібағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет