Пневмония- өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларынан кейін пайда болады. Сонымен қатар ол СПИД-пен ауырған кезде де болуы мүмкін. Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады

Сырқаттың ұзақтығына қарай:
Сырқаттың ұзақтығына қарай:
—Жедел пневмония
—Созылмалы пневмония
Қабынудың жайылып тарауына қарай:
—Бөлікті пневмония
—Ошақты пневмония
Жедел пневмония кенеттен басталады. Дене қызуы 39-40⁰С-қа кейде одан да жоғары көтеріледі. Науқас қалтырып, алғашқы да құрғақ кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың кеудесі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Ем қабылдаған соң аурудың беті 3-5 күннен кейін қайта бастайды.

Созылмалы пневмония ауру асқынып,өкпе тінінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Сырқаттың дем аласы әлсіреп сәл күш түссе деміге бастайды. Ауру асқынғанда пневмония жедел түріндегі клиникалық белгілері қайталанады. Созыдмалы пневмония ұзаққа созылады дер кезінде емделсе науқас 2-3 аптадан соң жазыла бастайды

Балаларда болатын пневмонияның ерекшеліктері:

―Демігу
—Бетінің әр жері,әсіресе үстінгі ерінің айналасы әлсін-әлсін көгеруі
—Деспепсия белгілері
—Тәбетімен ұйқысының бұзылуы
Жаңа сәбилер пневмония мен ауырғыш келеді.Кейде кеудесі сырылдап,сілекейі көбіктенеді.Жас балалар мен сәбилерде болатын пневмония өте қауіпті көп жағадайда ауру асқынып отитке немесе плевритке ауысады.
Белгілері:
Белгілері:
● Бірден қалтырап ыстықтың көтерілуі
● Дем алыстың жиелеуі,одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы
● Әр демалып дем шығарған сайын мұрынның желбезегі көтеріліп басылып тұрады.
● Дененің ысуы
● Жөтел (түсі сары,жасыл,қошқыл қоңыр немесе сілкейге азадап қан араласқан)
● Кеудесі аурады
● Науқастың халі ауырлайды
● Бетіне және ерніне салқын тигенде ұсақ жаралар шығады.
● Антиобиотикпен емдеу, пенициллин, ко-тримоксазоль немесе эритромицин беру керек. Науқастың халі нашарлап бара жатса прокаин-пенициллин беру, ересек адамға: күніне 2-3 рет 400000 ед немесе күніне 4 рет 500 мг ампициллин беру керек.
● Ыстықты түсіру және ауырғанды басу үшін аспирин немесе ацетаминофен беріңіз.
● Науқасқа мейлінше көп сұйықтық беру, науқас тамақ іше алмаса регидрон сусының беру.
● Жөтелді жеңілдету және қақырықты бостау үшін көп сұйық ішу және су буы ингаляциясын жасау ұсынылады.
● Сырыл болған жағдайда теофиллин немесе эфедрин түріндегі демікпеге қарсы дәрілер қолдану қажет.