Тақырыбы: полиомиелит вирусы. Коксаки. Есно



бет7/7
Дата20.04.2020
өлшемі392 Kb.
#63129
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Омар АЗИЗ Ф

МОРФОЛОГИЯСЫ

  • Коксаки вирустары – өте майда вирустар.
  • Вирионның симметриялық типі куб тәріздес.
  • Кейбір мөлшері 100 нм-ге дейін жететін кристалл құрауы мүмкін. Құрамында липидтер жоқ, гемагглютинин бар.
  • Дақылдандыру:
  • Коксаки вирустары штаммдарының көбісі жасуша дақылдарында өседі. Жаңа туған ақ тышқандардың организмінде жақсы көбейеді.

АНТИГЕНДІК ҚАСИЕТІ

  • А типті Коксаки вирусы түр ерекшелік антигені бойынша - 26 сероварға бөлінеді.
  • В типті Коксаки вирусы 6 сероварға бөлінеді.
  • Серологиялық варианттарының бәріне ортақ топтық спецификалық антигендері бар және әрқайсысына тән типтік – спецификалық антигендері де болады.

ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ

  • Коксаки вирусы барлық жерде таралған, жаз-күз айларында аурудың қарқыны жоғары.
  • Инфекция көзі: науқас адам және тасымалдаушы адам.
  • Берілу жолы: фекальді-оральді және контакт арқылы.
  • Инфекция көбінесе балаларда кездеседі. Клиникалық ағымының 90% жеңіл, жиі симптомсыз өтеді.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ

  • Зерттелетін материал: мұрын-жұтқыншақтан шайындысы, нәжіс, несеп, қан, жұлын сұйықтығы.
  • Зерттеудің негізгі әдістері – вирусологиялық ж/е биологиялық.
  • Қоздырғышты жасуша дақылын ж/е тышқандарды зақымдау арқылы бөліп алады.
  • Серологиялық әдіс – ИФР, КБР, БР.
  • Гемагглютинациялаушы нұсқаларын ПГАР арқылы анықтайды.

ЕМДЕУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ

  • Тиімді антивирустық препараттар және ерекше сақтандуры жоқ, сондықтан симптоматикалық терапия жүргізеді.

ЕСНО ВИРУСТАР

  • ЕСНО-вирустар (ағылшын сөзінен шыққан: enteric cytopatogenis human orphans – ішекті цитопатогенді адамдардың “жетім” вирустары) алғаш рет 1951-1953 жылдары Дж. Мельник адамдардың нәжісінен бөліп алған.
  • Адам патологиясындағы ролі белгісіз болғандықтан “жетім” вирустар деп аталған.

ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ

  • ЕСНО вирустардың эпидемиологиясы коксаки ж/е полиомиелит вирустарына ұқсас, айырмашылығы ЕСНО вирустар жануарларға патогенді емес.
  • Берілу жолдары: фекальді-оральді, сирек жағдайда ауалы-тамшылы жолмен жұғады.

АНТИГЕНДЕРІ

  • Түр ерекшелік Ag бойынша 34 сероварын ажыратады.
  • 12-ші серовары – гемагглютинациялық қасиет көрсетеді.
  • Эпидемиологиялық қауіптісі – 11, 18, 19-шы сероварлары.
  • 8-11, 20 сероварлары респираторлық инфекциялар тудырады.
  • 2-9, 12, 14, 16, 21 сероварлары асептикалық менингит, энцефалит тудырады.
  • 9, 16 сероварлары қызылшаға ұқсас бөртпе тудырады.
  • Сероварларын бейтараптау реакциясында анықтайды.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ

  • Зерттелетін материал: мұрын-жұтқыншақ шайындысы, нәжіс, несеп, қан, жұлын сұйықтығы.
  • Вирусты бөліп алу үшін маймылдардың бүйрек жасушаларын зақымдайды.
  • КБР, ГАТР, БР көмегімен 2-3 аптадан кейін науқастың қос сарысуынан AД анықтайды.

ИММУНИТЕТІ

  • Тұрақты, типтік-спецификалық. Аурығанан кейін комплемент байланыстырушы, вирус бейтараптаушы антиденелер антигемагглютининдер пайда болады.

ЕМДЕУ Ж/Е САҚТАНДЫРУ

  • Ерекше емдеу ж/е сақтандыру қарастырылмаған.
  • Симптоматикалық ем жүргізіледі.

НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет