Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Тақырыбы: «Психология менің ӛмірімде және кәсібімде»
Қабылдаған: Байкенже Н
Орындаған: Керимбай А
Тобы: ФАТ-914 A
Эссе
Адам баласы дүниеге келгеннен кейін өмірін түгел дерлік бойына әртүрлі сала білімдерін сіңірумен өткізеді. Шыр етіп жерге түскеннен бастап бала анасының дауысына, жүрек қағысына, иісіне үйрене бастайды, яғни туғаннан жаңа ақпараттар жинап жатыр деген сөз. Адамның өмірді танудағы мүмкіншіліктерін зерттейтін негізігі екі сала бар деп ойлаймын. Ол психология және биология.Психология қазіргі күнде маңызыды рөл атқаратын ғылым саласына айналып отыр. Ол философиядан бөлінгеннен бері талай даму кезеңдерін өтті, яғни күрделі жүйеге айналды. Психологияның адам өміріндегі маңызы баршылық. Себебі тұлғаның дамуында қандай да өзгешеліктер болатын болса, оны жөндеуге психологиялық нормалардың қажеті болады. Жалпы біз мектеп табалдырығын аттағанда, психологтың қабылдауынан өтеді екенбіз. Неліктен? Психолог белгілі бір негіздегі тест сұрақтары арқылы біздің нормаға сәйкестігімізді тексереді. Яғни қоғамдық ортада қалай өмір сүру керектігін қаншалықты білітінімізді, жаңа ортаға сіңісіп кету қабілетімізді тексереді. Міне психологияның адам өміріндегі бірден-бір маңызы осы. Ал менің өз өмірімдегі психологияның маңызы өте ерекше. Өйткені мені қоршаған нәрсе менің ойыма әсер етеді. Психология мені өз-өзімді жақсы меңгеруге көмектеседі, адамның жеке қарым-қатынасын тиімді түрде қалай қалыптастыратындығын және ең бастысы, отбасы мүшелерімен және туыстарымен қарым қатынас жасауда пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Және де психология өз-өзімді тануыма, қызығушылығым арқылы жақсы мамандық таңдауыма себепкер болды деуге болады. Яғни жеке тұлға болып қалыптасуымның алғашқы баспалдағын құрастыруымның көмекшісі болды. Егер біраз ойлансақ адамдардың өздері- психолог сияқты екен.Мысалы сіз біреумен таныссаңыз, сіз ол адамды сканерлеп, ой түйін жасаймыз, ол адам туралы ойларымыз миымызда жинақталады. Біз барлық әсерлерімізді жинап бір тиянақты ойға келеміз де біз оның тұтас бейнесін жасаймыз. Сол кезде біздің миымыз ұнайды/ұнамайды, онымен байланысты жалғастыру/ жалғастырмау туралы үкім шығарады деп ойлаймын.Адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – ол жоғарғы орын оқу орнын аяқтап, дипломын алып жұмысқа орналасуы. Мамандықтардың түрлері саусақпен санарлық емес. Кейбір мамандықтардың қоятын белгілі бір психологиялық-физиологиялық талаптары болады. Яғни сенің бұл мамандыққа деген жарамдылығыңда тексереді. Егер де сен әскери қызметкер болғын келетін болса, сенің физикалық дайындығыңды тексереді. Мүмкін сен медицинаға қызметкері болғын келетін шығар, онда сен психомериялық тестілеуден өтуге міндеттісің. Міне психология адамның өмір жағдайларына қаншалықты дайындығын, бейімділігін тексеруде өте қажет екен. Әр адам мамандық таңдағанда ол қандай, ол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба деген сұрақтарды ойлап, өзін психологиялық жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды. Мен мамандығымды таңдарда дәл осыдай психолгиялық тұрғыдан ойланып шешім қабылдадым. Әр студенттің, әр адаммның психологиясы әр түрлі.Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді. Бұл басқа адамдардың жүректерін жаулауды жеңілдетеді