Тақырыбы: Рахат фабрикасы


Шоколад 3.1 Сүт шоколады



бет5/5
Дата27.09.2023
өлшемі130,4 Kb.
#182757
1   2   3   4   5
Байланысты:
Перизат срсп 1

3.Шоколад
3.1 Сүт шоколады
3.1.1 «Қазақстан» (пластик сауыт, 168 грамм)
Ванильдің иісі бар, құрамында ұнтақталған какао мөлшері көп, табиғи сүт шоколады (тақта 6 г). (құрамындағы какао өнімдері 45% кем емес)
100 грамм өнімде:
Ақуыз 6,3 грамм
Май 33,4 грамм
Көмірсу 52,7 грамм
9
Энергетикалық құндылығы 532 ккал.
Құрамы: қант, ұнтақталған какао, какао майы, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, эмульгаторлар: лецитин Е322; Е476; иіс пен дәмді күшейткіш - табиғи ваниль сығындысы. Ауаның (8-23)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.

3.1.2 «Қазақстан» (көркем қорап трансформер, 210 грамм)
Құрамында ұнтақталған какао өнімі көп, ваниль дәмі бар, сүтті шоколад (тақта 6г) (құрамындағы какао өнімдері 45% кем емес)
100 грамм өнімде:
Ақуыз 6,3 грамм
Май 33,4 грамм
Көмірсу 52,7 грамм
Энергетикалық құндылығы 532 ккал.
Құрамы: қант, ұнтақталған какао, какао майы, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, эмульгаторлар: лецитин Е322; Е476; иіс пен дәмді күшейткіш - табиғи ваниль сығындысы. Ауаның (8-23)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.

10

Қорытынды


«Рахат» АҚ — сусамыр (диабет) ауруынан зардап шегетін адамдарға арнап арнай өнім шығаруды игерген Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға қуаттылығы төмен әрі қантты тең дәрежеде табиғи шикізатпен ауыстыру арқылы шығарылған шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атауы кіреді. Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Кәсіпорында ҚР ИСО 9001 — 2001 СТ стандартына сәйкес сертификатталған сапа менеджменті жүйесі енгізілген және іске қосылған. Компания өнімдері отандық нарықта ғана емес, таяу және алыс шет елдер нарығында да танымал. «Рахат» АҚ өз өнімдерінің ішкі нарықта ең жоғары деңгейдегі қол жетімділік саясатын жүзеге асыруда. «Рахат» АҚ сатылым географиясы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды, себебі компания 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесін жолға қойған. Алматы қаласы бойынша өнім тарату ірі көтерме саудамен сатып алушылар, сондай-ақ фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы іске асырылады. Республиканың басқа өңірлерінде «Рахат» АҚ өнімдерінің қол жетімділігі фирмалық сапалы өнім сатумен айналысатын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорын) құрумен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні «Рахат» фабрикасының өнімдері Ресейге, Германия, Моңғолия, Тәжікстан, Қытай және Ауғанстанға экспортталады.
11


Пайдаланылған әдебиеттер
1.http://www.rakhat.kz/index.php?p=list&lang=3&year=2011&n=2
2.https://7kun.kz/rahat-konditerlik-fabrikasy/
3.https://www.rakhat.kz/kz/proizvodstvo/

12

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет