Өршу кезеңі, бөртпе сүзектің клиникалық белгілерінің толық көрінуімен сипатталады, 8-12 күнге созылады. 4-5 күннен бастап дене қызуы белгілі бір деңгейде ұсталып (39-40°С) тұрады, көбінесе 8-9 және 12-13 күні дене қызуының төмендеп температуралық қисықта өзгерістер болады. Дене қызуының көтерілу дәрежесі және оның ұзақтығы аурудың ауырлығын және болжамын бағалаудың критерийі болады. 4-6 күннен бастап симпатикалық нерв жүйесінің зақымдалу белгілеріне сопақша мидың зақымдалу белгілері қосылады да – жедел менингоэнцефалит болады. Науқас шыдатпайтын бас ауыру, бас айналу, жиі құсуға, ұйқысы бұзылғанына шағым айтады. Айқын гиперакузия, фотофобия, тактильды гиперестезия дамиды. Ерте бульбарлы бұзылыстар – тілдің девиациясы, дизартрия, мұрын-ерін тұсындағы қатпарлардың жазылып кетуі, Говоров-Годелье симптомы пайда болады - науқас тілін тісінен әрі қарай шығара алмауы және оның екпінді қозғалысы (тремор). - Өршу кезеңі, бөртпе сүзектің клиникалық белгілерінің толық көрінуімен сипатталады, 8-12 күнге созылады. 4-5 күннен бастап дене қызуы белгілі бір деңгейде ұсталып (39-40°С) тұрады, көбінесе 8-9 және 12-13 күні дене қызуының төмендеп температуралық қисықта өзгерістер болады. Дене қызуының көтерілу дәрежесі және оның ұзақтығы аурудың ауырлығын және болжамын бағалаудың критерийі болады. 4-6 күннен бастап симпатикалық нерв жүйесінің зақымдалу белгілеріне сопақша мидың зақымдалу белгілері қосылады да – жедел менингоэнцефалит болады. Науқас шыдатпайтын бас ауыру, бас айналу, жиі құсуға, ұйқысы бұзылғанына шағым айтады. Айқын гиперакузия, фотофобия, тактильды гиперестезия дамиды. Ерте бульбарлы бұзылыстар – тілдің девиациясы, дизартрия, мұрын-ерін тұсындағы қатпарлардың жазылып кетуі, Говоров-Годелье симптомы пайда болады - науқас тілін тісінен әрі қарай шығара алмауы және оның екпінді қозғалысы (тремор).
- Әдетте, науқас мазасыз, эйфория жағдайында, кейде тітіркенгіш, дөрекі болады. Бөртпе сүзектің ауыр түрі 7-8-ші күні дамиды: кеңістік пен уақытта науқас бағытын жоғалтқан, төсектен тұрып кетеді, қашып құтылғысы келеді, асығыс, айқын емес, байланыссыз сөйлейді. Көзіне, құлағына қорқынышты елестер (галлюцинациялар) көрінеді, сондықтан дәрігерге қаралуға келіспейді, агрессивті болады. Аурудың ауырлығына байланысты делириозды синдромның ұзақтығы 7-8 күнге созылады. Психикалық бұзылыстармен бірге желке бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг, Брудзинский симптомдары және басқа менингиальды симптомдар «оң» болады. Жұлын сұйықтығында серозды менингитке тән көрсеткіштер анықталады.
- Бөртпе сүзектің өршу кезеңінің 4-5-ші күніндегі айқын, патогномиялық белгісі-экзантема. Бөртпе розеолезды немесе розеолезды-петехиальды сипатымен, полиморфты элементтерімен сипатталады. Олардың көптігімен және бір мезгілде пайда болуымен ерекшеленеді. Розеолалар майда, тегіс теріден шығып тұрмайды, шеттері тегіс емес, өлшемі әр-түрлі, саусақпен басқанда жоғалып кетеді. Аурудың 5-6-шы күнінде, кейде 1 күнінен бастап розеолалардың ортасынан екіншілік петехиялар пайда болады. Біріншілік петехиалар да табылады. Бөртпелердің көп және полиморфты болуы клиницистерге бөртпе сүзекпен ауырған науқастың терісін жұлдызды аспанмен салыстыруға мүмкіндік береді. Әдетте бөртпе кеуде терісінде, дененің бүйір беттерінде, арқада пайда болады, сонан соң аяқ-қолдың бүгілетін беттеріне таралады. Ауыр жағдайларда бөртпелер ерте геморрагиялық сипат алады, жаңа элементтері пайда болады, бірақ олар өте сирек бетке, алақанға және табанға таралады. Аурудың жеңіл түрлерінде петехиалды элементтер болмауы мүмкін, бірақ жгут салғанда анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |