Тақырыбы: Рота бойынша кезекшінің міндеттері


Рота бойынша кезекшінің міндеттері



бет2/2
Дата21.11.2023
өлшемі15,39 Kb.
#192540
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
KGTLAWVCBTSM20112023124710

Рота бойынша кезекшінің міндеттері

Рота бойынша тәуліктік кезекші жауынгерлерден тағайындалады. Ол өзінің қол астында күзетуде түрған қару-жарақтың, тапаншалар түрған шкафтардың (жәшіктердің), оқ-дәрі салынған жөшіктердің, рота мүліктерінің және жауынгерлер мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші (1-сурет) рота бойынша кезекшіге бағынады.


Рота бойынша кезекті тәуліктік кезекші казармалық үй-жайдың ішінде кіреберіс есіктің жанында, қару-жарақты сақтауға арналған бөлменің жанында қызметін өткереді.


Ол: рота бойынша кезекшінің рүқсатынсыз үй-жайдан шықпауға, қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені үнемі қадағалауға;


бөтен адамдарды осы үй-жайларға кіргізбеуге, сондай-ақ рота бойынша кезекшінің рүқсатынсыз казармадан қару-жарақты, оқ- дәрілерді, мүліктер мен заттарды алып шығуға жол бермеуге; ротадағы барлық оқиғалар туралы, жарғыларда белгіленген рота әскериызметшілері арасындағы өзара қарым- қатынас ережелерін бүзушылық, байқалған ақаулар және өрт қауіпсіздігі талаптарының бүзылғандығы туралы дереу рота бойынша кезекшіге баяндауға, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;
жеке қүрамды таңертеңгі түру уақыты кезінде, сондай-ақ дабыл немесе өрт болған жағдайда түнде оятуға, күн тәртібіне сәйкес өз уақытында пәрмен беруге;

үй-жайлардағы тазалық пен тәр-тіпті қадағалауға жөне әскери қызмет-шілердің оларды сақтауын талап етуге;


әскери кызметшілердің салқын кезде, әсіресе түнгі уақытта киінбей үй-жайдан шығуына жол бермеуге;
әскери кызметшілердің темекі шегуін, аяқкиім мен киімдерін тазалауын осыларға арналған орындарда жүзеге асыруына бақылау жасауға;
ротаға тікелей бастықтары — рота командирінен бастап, одан жоғары бастықтары, бөлім бойынша кезекші келген кезде: «Тік түр!» деп пәрмен беруге, ротаға басқа ротаның офицерлері келгенде, сондай-ақ басқа ротаның старшиналары мен әскери қызметшілері келгенде, кезекшіні шақыруға міндетті. Мысалы: «Рота бойынша кезекші, шығыңыз!»
Кезекті тәуліктік кезекшіге отыруға, жарактарын алып қоюға, киімінің түймесін ағытуға тыйым салынады.

Бос ауысымның тәуліктік кезекшісі рота үй-жайларындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және рота бойынша кезекшінің рүқсатынсыз ешқайда кетпеуге, өскери жарғыларда белгіленген рота жауынгерлері мен сержанттары арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бүзған жағдайда оған тәртіпке шақыру шараларын қолдануға кәмектесуге, рота бойынша кезекшінің орнына қалғанда, оның міндеттерін орын-дауға тиісті.


Ротаны елді мекенде жайғастыру кезінде төуліктік кезекшінің біреуі рота командирі белгілеген жауын-шашыннан қорғау үшін төбесі жабылған орында, далада ешқайда кетпей түруы керек.


Тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшінің кайда жүргенін әрка-шан да білуге және өскери қызметшілердің қоғамдық тәртіп пен әскери нысандағы киім кию ережелерін сақтауын қадағалауға міндетті. Байкалған барлык тәртіпбүзушылык туралы ол рота бойынша кезекшіге баяндайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет