Тақырыбы: Рухани байлық беретін білімнің көзі-кітапта. Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі76,33 Kb.
#34346
Ақпарлама

Мақсаты: «Мәңгілік ел мұратымыз» патриоттық идеясын меңгерту,түсіндіру және мәңгілік елге айналуымыздың бірден-бір кепілі аясында.

Біз біртұтас азаматтық,Мәңгілік Ел жалпыұлттық құндылықтары қағидатында,Тәуелсіздік жылдары ішіндегі біздің жетістіктерімізді жұмылдыру мақсатында ең алдымен,мәдениет пен білім беру саласын жаңғырту үшін, келешек жас өспірімдердін дүние танымын ақпарат арқылы кеңейтіп жан-жақты білім алуына патриоттық тәрбие берудегі мақсаттамыз.«Мәңгілік Ел»жалпы ұлттық идеясына ие болдық. «Ел» сөзінде үлкен біріктіруші күш бар,өйткені,барлық уақытта да туған жеріне жақын болады.

-Еліміздің жарқын болашағы –жастар сондықтан жастар өз елінің патриоты болулары тиіс.Осының бәрі біздің Елбасымыздың арқасында мүмкін болып отыр.Біздің мақсатымыз –Елбасы үмітін ақтап,еліміздің тұрақты дамуына үлестерімізді қосу.

Осы мақсатта мектеп кітапханасы да «Мәңгілік ел мұратымыз»тақырыбында,тақырыптық сөре ұйымдастырып оқырмандарға ауызша түсінік берілді.

Ұсынылған материалдар: Елбасы ,Қазақстан жолы ,Қазақстан-2030 болашақтың бағдаршамы,Тарих толқынында,Президент парағы,Менің Қазақстаным кітаптары,Ақиқат журналы № 1,2,4, 2016ж;Егемен Қазақстан газеті №238-5бет;,№239-3бет;№250-5бет 2016.

Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі

Тақырыбы: Рухани байлық беретін білімнің көзі-кітапта.

Орындаған: Кітапхана меңгерушісі: Шалқарбаева Ж.Ж.

2017жыл.


Тақырыбы: Рухани байлық беретін білімнің көзі-кітапта.

Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға құмарлығын арттыру.Кітапоқу арқылы олардың сөздік қорын молайту.Рухани байлығын,ой-өрісін дамыту,тәлім тәрбие беру.Кітапты сүйе білуге,қадірлеуге баулу.

Көрнекілігі:Кітап туралы нақыл сөздер,кітап көрмесі,шара өтетін жерді безендіру.

«Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық

шыңына шығуды үйретеді»

Н.Ә.Назарбаев:

Жүру барысы:

Кітапханашы: -Қош келдіңіздер,құрметті кітап сүйер қауым! 23-сәуір «Халықаралық кітап күні» мерекесімен құттықтаймыз.1972 жыл-Юнеско-ның шешімімен «Халықаралық кітап жылы » деп аталса,ал 1995 жылдан бастап «23-сәуір-Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Сол уақыттан бері Ресейде,Германияда,Америкада шет елдерде өте жоғары деңгейде аталып өтіледі.

Қазіргі таңда жаңа ақпараттар дамыған мен,кітапты пайдалану,кітапты оқу ол жоғарғы сатыда тұру қажет.Кітаптан көп үлгі мен тәрбие аламыз.Келешегі бар,болашақ жастар сіздерсіздер.Кітап көп оқуды қажет етеді.

Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен,атқарар қызметі көп.Кітапханаға оқушылар келіп,қажетті материалдарын пайдаланып,білімдерін толықтырады.Кітапханада көптеген мерекелік іс-шаралар өткізіледі.Соның бір айғағы бүгінгі «Халқаралық кітап күніне байланысты өткелі отырған» «Рухани байлық беретін білімнің көзі-кітапта» атты оқырман байқауын өткіземіз.Бүгінгі сайысқа кітапты ең көп оқитын,көп білетін оқырмандар сайысқа түседі. Сайыс 5бөлімнен тұрады.



  1. « Мен оқырманмын »(өздерін таныстыру)

  2. «Сүйікті жазушымның сүйікті кітабы» (оқыған кітабы туралы әңгімелеу)

  3. «Кім көп біледі?» (сұрақ , жауап)

  4. «Өнерлінің өрісі кең » (ақын жазушылардың бір өлеңін мәнерлеп жатқа айту)

  5. Жұмбақ шешу,мақал-мәтелдің жалғасын табу.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда деген сөз бар,ендеше,жүзден жүйрік,мыңнан тұлпарды » анықтау үшін бүгінгі байқауымызды бастайық.

«Әдебиет әлеміне саяхат»

1 оқырман

1.Қазақтың жеріндегі ең атақты ежелгі кітапхананы ата? (Отырар кітапхана)

2.Кітап басып шығаратын жер қалай аталады? (баспахана)

3.Байқауда «Әлия» әнімен бас жүлде алған әнші? (Роза Рымбаева)

4. «Өгей бала» кітаптын авторы кім? (Джеймс Гринвуд)

5. Арқаның Бетбақ деген даласы бар,

Бетпақ-шөл,ойлы-қырлы панасы бар.

Сол шөлде ел жоқ,күн жоқ өсіп-өнген,

Жәндіктің киік деген баласы бар. өлеңі кімдікі? (Сәкен Сейфуллин)

2оқырман

1.Айша бибі кесенесі қай жерде? (Таразда)

2.Кітапты жазған адам қалай аталады? (жазушы)

3.Өтірік әңгіме айтып,аңызға айналған кейіпкер? (Тазша бала)

4.Астана қаласы қай өзеннің бойында жатыр? (Есіл)

5.Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,

Менің байтақ Республикам таулары,

Менің көгім-мөлдіреген сол аспан. өлеңі кімдікі? (Сырбай Мәуленов)

3оқырман

1.Кітап тұрағы қалай аталады? (Кітапхана)

2.Н.Ә.Назарбаев қай жылдан бастап Президент болып сайланды?(1991жыл 1желтоқсан)

3.Мектептегі оқулықтар қандай баспадан шығады? ( «Атамұра», «Алматы кітап», «Мектеп», «Білім», «Арман ПВ»)

4.Қазақстанда қанша облыс бар? (14)

5.Бір өгіз шалқар көлге келді,

Жағалап суаты бар жерге келді.

Шілденің сарша тамыз ыссы кезі,

Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді. өлеңі кімдікі ? (Ахмет Байтұрсынұлы)

4 оқырман

1.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын? (Абай Құнанбаев)

2.Байлықтың кілті? (Білім)

3.Кітап кім үшін жазылады? (оқырман үшін)

4.Қазақстан Республикасының ұлттық валюта теңге қашан айналымға түсті (1993жыл 15қараша)

5.Бәрі де,Ана,

Бір өзіңнен басталады.

Сен деп жаздым алғаш өлең –дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым. Өлеңі кімдікі ? (Қадір Мырза Әлі)

5оқырман

1.Шығыстың қос шынары кім? (Әлия Молдағұлова,Маншук Маметова)

2.23-сәуір қандай күн? (Дүниежүзілік кітап күні)

3.Оқушының алғашқы,кітабы? (Әліппе)

4.Қазақстан рәміздерін ата? (Ту,Елтаңба,Әнұран)

5.Сиыр малының пірі қалай аталады? (Зеңгі баба)

6 оқырман

1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)

2.Аптаның қасиетті күні? (жұма)

3.Ақпан айы жылдың қай мезгіліне жатады? (қыс)

4.Соғыста ерлік көрсеткен адам? (батыр)

5.Қазақша апта аттарын атап шық? (дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма)

7оқырман

1.Үш биді ата? (Қазыбек би,Төле би,Әйтеке би)

2.1сағатта неше минут бар? (60 минут)

3.Кітапхана ережелерін білесің бе? (кітапханада шулауға болмайды,кітапты таза,ұқыпты ұстау керек,уақытында апарып тапсыру керек)

4. «Ғылым таппай мақтанба »? өлеңінің авторы кім ?(Абай Құнанбаев)

5.Балаларға арналған қандай журналдарды білесің? (Айгөлек,Балдырған,Бала-би,Алақай-Балақай,Балалар әлемі)

8 оқырман



  1. «Кел ,балалар,оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

  2. Кітапханада оқырман туралы мәліметті,оның қандай кітап оқығаның қайдан білеміз? (оқырман парағынан)

  3. Қазақтың аңызға айналған батыры кім? (Бауыржан Момышұлы)

  4. Ата заңымызды қай күні тойлаймыз? (30 тамыз)

  5. Астана қаласы бұрын қалай аталған? (Ақмола)

4бөлім.

«Өлең сөздің патшасы» ақын –жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту.

5бөлім.Жұмбақ және мақал-мәтелдің жалғасын табу.




Жұмбақ

Мақал-мәтел

1-оқырман

Үндемес серік,

Ақылы берік. (кітап)



Өнер-ағып жатқан бұлақ...

(Білім –жанып жатқан шырақ)



2-оқырман

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)



Өзін-өзі білген ер бақытты

Өзін-өзі билеген...(ел бақытты)



3-оқырман

Бір жағынан тігілген,

Бір жағынан сөгілген.

Көп өмірден көргені,

Алғанынан бергені. (кітап)



Оқусыз білім жоқ,....(білімсіз күнің жоқ)

4-оқырман

Сандығым бар өзгеше

Қолыма алып жүремін (кітап)



Балапан ұяда не көрсе,...(ұшқанда соны іледі )

5-оқырман

Тұрады ылғи сөреде,

Іші толы өнеге (кітап)



Қына тасқа бітеді,...(білім басқа бітеді )

6-оқырман

Жаны жоқ болса да,

Ақылды адам ісін істейді.(кітап)



Кітап көп ақылдың...( құйылған көлі )

7-оқырман

Бір нәрсе білмегенді білгізеді,

Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.

Жалғанда іңгімесі сондай қызық,

Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді. (кітап)



Кітап жан...( айнасы )

8-оқырман

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде баурынжазып

Ішінде толып жатқан қазынасы бар,

Қорек қып пайдаланар тамам халық



(кітап,оқу)

Кітап асып –таспайтын...(адал досымыз)

Қортынды:Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті .Бүгінгі сайысқа қатысқан оқушыларымызды марапаттау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет