Мемлекет азаматтық қоғам діни бірлестіктер
Тәуелсіздік алған жылдардан бері біздің мемлекет бейбітшілікті нығайту және аймақта тұрақтылық орнатуға қатысты бірнеше бастамаларды ұсынды.
1-оқушы. 2002 жылдың қараша айында президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясындағы сөзінде барлық конфессияларды Еуразиялық дінаралық бейбітшілік пен келісім партиясын қабылдауға шақырды.
2-оқушы.2003 жылдың ақпанында елбасының бастамасымен Алматыда мемлекеттің ресми және мұсылман,христиан, иудей,басқа конфессия өкілдері қатысқан бейбітшілік пен келісім халықаралық конференциясы болып өтті.Онда бейбітшілік пен тұрақтылық декларациясы қабылданды.Бұл құжатта «дін өркениеттер диалогын байланыстырушы болуы керек»,«бейбітшілік пен халықтың гүлденуі барлық діндер мен әлем мәдениетінің ақырғы мақсаты болып табылады» делінген.Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әрбір үш жылда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтті.
3-оқушы.2003 жылы I Съезд,2006 жылы II съезд,2009 жылы III съезд,2012 жылы ІV съезд өтіп,оған буддизм,индуизм,ислам,проваслав,католик,протестант,конфуцийлік және басқа да дін өкілдері үн қатты.
4-оқушы.Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерін өткізу – ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қолда механизмі ретінде мәдениет және өркениеттер диалогін дамытуға Қазақстанның қосқан нақты үлесі.
5-оқушы.18 қазан — Рухани келісім күні. Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 қазанда өткізілді. Содан бері бұл күн — Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі.
І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Рухани келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер:
І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
Көрініс: “Жақсылық пен жамандық”
ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
І жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
ІІ жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.
ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
І жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 26 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 26 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
Ұлттық би
ІІ жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
І жүргізуші: Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
ІІ жүргізуші: Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
Достарыңызбен бөлісу: |