2-сурет. Маркетингтік қызметтің бірінші түрінің негізгі объектілері Өнімнің тіршілік циклының өндіріс сатысында сапаны басқару. Өндіріс белгілі өндірістік құрылымы бар зауыт, фабрика, комбинат, кәсіпорын арқылы жүргізіледі.
Өндірістік құрылым дегеніміз араларындағы байланыстары көрсетіліген кәсіпорынның цехтары және қызметтері құрамы.
Жұмыс орны дегеніміз техникалық жабдықтарды іске қосатын жұмыс істейтіндер (жұмысшылар), жабдықтар және енбек құралдары орналасқан кәсіпорынның карапайым бірлігі (орналаскан жері).
Өндірістік учаске дегеніміз заттык немесе технологиялық принциптері бойынша ұйымдастырылған жұмыс орындар тобы. Цех - өндірістік учаскелер жиынтығы.
Өндіріс түрі – өндірістің бұйымдарды жасау өдістерін қолдану белгісі, мысалы, құю, пісіру өндірісі, бойынша ерекшелінетін топтастырылған категориясы.
Өндіріс типі – өндірістің номенклатура кеңдігі, реттелуі, тұрақтылығы және өнім шығару көлемі белгілерімен ерекшелінетін таптастырылған категориясы.
Өндіріс типтері бірлік, сериялық және көпшілік (жаппай) деп бөлінеді.
Бірлік өндірісі дегеніміз әдетте қайталап жасау және жөндеу қарастырылмайтын біртүрлі өнімдердің аз көлемімен сипатталатын өндіріс.
Сериялы өндіріс дегеніміз мезгіл-мезгіл қайталанылатын партиялармен шығарылатын бұйымның жасалуы мен жөнделуімен сипатталатын өндіріс. Бұл өндіріс азсериялы, ортасериялы және ірісериялы болуы мүмкін.
Жаппай өндіріс дегеніміз берілген уақыт бойында көптеген жұмысшы орындарда бір ғана жұмыс операциясы жүргізілетін үздіксіз жасалынатын және жөнделетін бұйымды шығару көлемінің көптігімен сипатталатын өндіріс.
Кәсіпорынның типтік өндірістік құрылымы мынадай бөлімдер мен қызметтерді қарастырады (қазіргі таңдағы ірі кәсіпорындар үшін):
• бас конструктор бөлімі;
• бас технолог бөлімі;
• бас механик бөлімі;
• бас энергетик бөлімі;
• бас метролог бөлімі:
• техникалық бақылау бөлімі;
• сапаны басқару бөлімі;
• стандарттау бөлімі;
• маркетииг бөлімі;
• персонадды басқару бөлімі;
• жоспарлау - экономикалық бөлімі;
• қамтамасыздандыру бөлімі;
• өткізу болімі;
• цехтар.
Бұл құрылымды директор және техникалық басшы бас инженер басқарады.
Әрбір жұмыс орнында белгіленген талаптарды қамтамасыз ететін бастапқы материалдарды (шикізатты) басқа түрге айналдыратын іс-әрекеттер жүргізіледі. Әрбір жұмыс орнында жұмыс қаншама дұрыс орындалса, соңғы өнімнің сапасы соншама бағынышты.
Басқару - бұл объектінің алдына қойған мақсатына жетуге бағытталған көптеген әсерлердени таңдалып алынған ақпараттардың негізінде объектіге әсер етеді.
Басқарылатын объект пен оған жалғанған басқару құрылымы басқару жүйесін құрайды.
Басқару жүйелерінде басқарудың негізгі міндеттерінің төрт түрі шешіледі:
тұрақтандыру (стабилизация);
бағдарламаның орындалуы;
ізге (соңына) түсу;
тиімділеу (оптимизация).
Сапа басқару кезінде осы міндетгердің барлығы шешілуі керек. Бірақ уақыттын кейбір интервалдарында тұрақтану (стабилизация) міндеттері ең көп қолданылады. Бұл тұрақтандыру құжаттарында келтірілген өнімнің сапа көрсеткіштерінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуден құралады. Құжаттардың талаптарының сақталуының кепілі технологиялық тәртіптерді қатаң сақтау болып табылады немесе өнімнің техникалық құжаттарында көрсетілген талаптар мен нормаларды орындау.