Тақырыбы: «сапаны басқару және бақылау»


Сынау түсінігі. Сынау түрлері



бет16/24
Дата07.02.2022
өлшемі119,54 Kb.
#94862
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
1 сабак

9. Сынау түсінігі. Сынау түрлері.
Стандарттау аймағындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау.
Мемлекеттік қадағалаудың мақсаты жұмыс, өнім сапасын, мұнан былай өнім, өмір және азаматтардың денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздік қамтамасыз ету мәселелерінде мемлекет мүддесі мен тұтынушылар құқығын қорғау болып табылады.
Мемлекеттік қадағалаудың негізгі мәселелері болып табылады:
- өнімге міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттардың бүлінуін заңды және жеке тұлғалар жағынан болдырмау және бұлтартпау;
- сертификаттау ережелерін, сертификатталған өнім сапасын сақтауға бақылау;
- нормативтік құжаттардың белгіленген міндетті талаптарын және міндетті сертификаттау, Қазақстан Республикасында шығаралатын және таратылатын өнім сапасының күйін заңды және жеке тұлғалар сақтау туралы сенімді ақпаратты басқа мүдделі мекемелерге, мемлекеттік органдарға ұсыну.
Мемлекеттік қадағалау объектісі болып табылады:
- өнім, соның ішінде шетелдік;
- халыққа қызмет, жұмыстар;
- нормативтік техникалық (конструкторлық, технологиялық, жобалық) және өнімге, (жұмыс, қызметке) басқа құжаттама; 
- дайындаушылар (сатушылар, орындаушылар) өнімдерін, сынау зертханалары (орталықтары), сертификаттау органдарын міндетті тіркеу жөніндегі жұмыстар.
Мемлекеттік қадағалау Қазақстан Республикасы аумағында заңды және жеке тұлғаларда, өмірдің өміршендік кезеңінің кез келген сатысында, шетелдік фирмаларды қоса жүзеге асырылады: өнімді өндіріске жеткізу және әзірлеу, оны дайындау, тарату (жеткізу, сату), пайдалану (қанау), сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату, сонымен қатар процесстерді (жұмыстарды) орындау мен қызмет көрсету.
Мемлекеттік қадағалау Мемстандарттың лауазымдық тұлғалармен және мемқадағалау жөніндегі оның ведомстваға қарасты аумақтық органдарымен Мемстандарт белгіленген тәртіпте аттестатталған және белгіленген үлгілі куәлігі бар мемлекеттік инспекторлармен жүзеге асырылады.
Тексеруге бақылау және қадағалау қызметтерін орындайтын басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық мекемелердің өкілдері, сертификаттау жөніндегі сарапшы аудиторлар тартылады.
Барлық жағдайларда Мемстандарттың лауазымдық тұлғалары немесе мемқадағалау жөніндегі оның аумақтық органдары басқарады.
Мемстандарт құзырына жататын, мемқадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының бас мемлекетік инспекторы Мемстандарт төрағасы болып табылады.
Бас мемлекеттік инспектордың орынбасары Мемстандарт төрағасының орынбасары болып табылады.
Облыс, бекітілген аумақтардың бас мемлекеттік инспекторы мемқадағалау жөніндегі Мемстандарттың аумақтық органдардың басшысы және негізгі бөлімшенің орналасқан жеріне тыс тұрған оның құрылымдық элементтері.
Мемқадағалау жүргізген кезде сыртқы қарау, өнімді сәйкестендіру, өлшеу және сынау бақылауы мен қадағалау нәтижелерінің сенімділігі мен әділдігін қамтамасыз ететін басқа әдістер қолданылады.
Заңды тұлғалардың басшылары мен жеке тұлғалар оларға тексеру жүргізген кезде мемлекеттік инспекторларға оларды орындау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті:
- мемлекеттік инспектор куәлігін және мемқадағалаудың аумақтық органында, және қажет болса, заңдарда белгіленген талаптарға сәйкес прокуратура органдарында тіркелген тексеру тапсырмасын ұсынған кезде қызметтік және өндірістік бөлмелеріне еркін рұқсатын;
- мемлекеттік қадағалау үшін қажетті құжаттар мен деректерді, сынаулар мен өлшеу құралдарын, тексеру актілерін рәсімдеуге арналған бөлмелер мен ұйымдастыру техникасын, сынауға үлгілерді жеткізуге арналған көлік құралдарын ұсыну, актілерге, хаттарға қол қоюға құқығы бар жауапты тұлғаларды бөлу тиіс;
- сынау талдау, өлшеу жүргізуге, тексерілетін объект шығындарына жаратылған үлгілер мен шығындардың құнын жатқызып нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына олардың сәйкестігін бақылау үшін өнім үлгілері мен сынамаларды іріктеу.
Мемлекеттік қадағалау төмендегілерді ескеріп таңдаулы тексерулер арқылы жүзеге асырылады:
- жыл сайын Мемстандартпен белгіленген мемлекеттік қадағалаудың басымдылық бағыттарын;
- Үкімет, Мемстандарт және жергілікті атқарушы органдардың мақсаттық тапсырмаларын;
- нақты заңды (жеке) тұлғаларды тексеруді талап ететін тұтынушылар шағымдары мен басқа жағдайларды;
- сертификаттау жөніндегі органдар мен тіркелген сынау зертханалары (орталықтары) туралы Қазақстан Республикасы Мемтізілімінің деректерін.
Өнімді дайындаушылармен нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын сақтаудың жоспарлық тексерулерінің дүркінділігі жылында бір рет.
Өнімнің өміршеңдік кезеңінің басқа сатыларында жоспарлық тексерулерінің дүркінділігі белгіленбейді және бүлінулер мүмкінділігі мен барлығына байланысты.
Өнімге нормативтік құжаттармен белгіленген талаптарды, жоғарыдағы мекемелер мен жергілікті билік органдарының қосымша тапсырмаларын заңды және жеке тұлғалар бұзған фактілері бойынша мемқадағалау жөніндегі аумақтық органдарға шағымдар мен кінәрәт талап түскен кезде, жоспарлы тексеру жүргізілсе де, немесе жүргізілмесе де, осы тұлғаларға жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
Нормативтік құжаттардың міндетті талаптары, міндетті сертификаттау ережелері бұзулары тексеру нәтижесінде табылған және бұзуларды жою үшін көрсетілген мерзімі біткеннен кейін, заңдармен белгіленген ұйғарымдар берілген кезде берілген ұйғарымдарды орындауға тексеру жүргізілуі тиіс.
Бұрын берілген ұйғарымдарды орындауды тексеру оларды орындау үшін белгіленген мерзімге дейін ұйымдастырылуы мүмкін, егер ұйғарым берілген заңды тұлға мемқадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерге табылған бұзылулар туралы хабарласа және тиісті рұқсаттарды беру туралы өтінсе.
Мемқадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелер ұсыныстары бойынша қалыптастырылатын сертификаттау жөніндегі органдар қызметтерін тексеретін комиссясынан басқалар, сертификаттау жөніндегі органдардан басқа мемқадағалаудың кез келген объектісін тексеру жөніндегі комиссия облыстың Бас мемлекеттік инспекторымен анықталады және бекітіледі, және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы немесе оның орынбасары бұйрығымен бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет