6. Сапа, басқару обьектісі ретінде Сапа басқару-бұл өндіріс сапасының керекті мөлшерінің жұмыс үстінде ұстап тұруы, қамтамасыз ету және орнату.
Сапаны басқару дегеніміз-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және басқа да іс-шаралар өткізу, тауардың өмірлік циклының барлық стадиясында өндірістің жоғарғы сапасымен қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытт түсінігі бойынша сапамен басқару эффективті бола алмайды, егер өнім өндіріліп қойған болса, ол өнімді өндіріс барысында үздіксіз орындалуы тиіс, сонымен қатар өндіріс процесінің алдыеда болу:
Сапамен басқару келесі принциптерден құралады:
-мақсатқа сапа қатынасында міндетті түрде дәл нысанаға ие болу керек;
-жоспарлық орындалуға жататын сапа саласындағы сатып алу шарасы жоспарланады;
-үздіксіз;
-интенсивті-сапаның жоғарылау экономика дамуының интенсивті факторына жатады;
-жүйелі жақындау;
-комплекстілік-жайға тәуелді сапасының барлық проблемасын шешу;
-оптимальды-тұтынушының сұранысы бойынша сапаның тура-дәл қатынасына ұмтылу;
-үнемі жоғары сатыға көтерілу-кәсіпорынның бәсекесінің артықшылығын арттырады.
Өндіріс сапасын басқару-толығымен өндірісті басқарудың құрамдық бөлігі, функцияның бір бұтағы. Сондықтан, ол басқару жүйесінің қызмет ету аймағында дамиды және орындалады, құру, дайындау және қызмет көрсету тура жәнежақсы ұйымдасқан жұмыста сұраныс көбейеді.
Сапа негізгі факторлардан басқа өндіріс шартына көптеген кездейсоқ субьективті факторлар әсер етеді.
Осы факторлардың барлығына әсер ету үшін, келісілген сапа мөлшерін ұстап тұру үшін басқару жүйесі міндетті, яғни ылғи өнімнің шығарылу прцесіне әсер етеді. Басқаратын және басқарылатын жүйе анықталынады. Басқарылатын жүйе-фирмамен, ұйыммен әртүрлі басқару деңгейімен көрсетілген; басқарушы-сапа менеджментін құрады және қамтамасыз етеді.
Өнімнің сапамен басқарудың негізгі категорияларын қарастырайық.
Өндіріс сапасын басқару жүйесі келесі өзара байланысты категорияларға сүйенеді: обьект, субьект, нысана, әдістер, құралдар, функциялар, басқарушылық қарым-қатынастық мінездемесі және т.б.
Басқару обьектісі- өнім сапасы, оның құрамының жиынтығы немесе қандайда да бір бөлігі, тобы, бөлек құрамы. Өнім сапасын басқаруды эффективті ұйымдастыру үшін басқару обьекті бөлініп қана қоймай, соған қоса барлық процесті ұйымдастыруға және түсінуге мүмкіндік беретін басқа категориялар анықталуы қажет.
Басқару субьектісі-түрі және барлық сатыдағы органдары адамдар, өнімнің сапасын жоспарланған дейгейін ұстауды және жетуді қамтамасыз етуді талап етеді.
Басқару нысаны-тұтынушылық және өндіоушінің экономикалық қызығушылықтарының есебі өнімнің белгілі деңгейін және сапа құрамын және де экологиялық пен қауіпсіздікті талап етуі.
Сапаны басқару әдістері-өнімнің жоспарланған жағдай мен сапаны ұстап тұратын және жетістіктерді қамтамасыз ететін өндірістік процеске басқару органдары әсер ететін жолдар.
Сапаны басқару әдістерін төрт топқа бөлуге болады: ұйымдық, әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, ұйымдық технологиялық.
Сапа саладағы басқарушылық қарым-қатынас –бағыныштылар мен үйлесімдер арасындағы қарыс-қатынас.
Бағыныштылар қарым-қатынасы-бұл басқарушылықтың тікелей бағыныш байланысын мінездейді және функцияның центрленуі және өнім сапасын басқару тапсырманы басқару.
Бағыныштының қарыс-қатынасы-оның кәсіпорын деңгейіндегі өндіріс структурасына тәуелді және сапаны басқару структурасының жүйесіне байланысты.
Үйлесімділік қарым-қатынас-ұйым және жұмысшылар арасы горизонтальды байланыс көмегімен құралады, өнім сапасының анықталған деңгейін қамтамасыз ету үшін қозғалысқа түсіру немесе көтеру үшін.
Өнім сапасын басқару кіспорын деңгейінде функционалды реттеу жолымен ұйымдасуы мүмкін және жұмысшылар мен бөлшектер арасындағы тапсырма немесе сапаны басқарудың арнайы бөлімін құру.
Кәсіпорын басшылары мынаны ескеруі қажет, бұрынғыға қарағанда кәсіпорын көп нәрсеге үлгерімді болған.
Өнім сапасы әжептеуір деңгейде өнім қасиетінің қандайдабір деңгейін анықтайтын жағдайға немесе факторға тәуелді. Факторлар және жағдайлар өнім қасиетіне әр түрлі әсер етеді-кейде өзара бір-бірінен алшақтанған, кейде өзара әрекеттескен. Факторларға шикізаттар, материалдар, станоктар, машиналар, жабдықтар, инструменттер, өлнеу құралдары жатады. Осыған жұмысшылар білімі және профессионалды дағдылар сияқты, адамдық факторларда жатады.
Өнім сапасына әсер ететін жағдай деп тізбектелген факторлар әрекет ететін жағдайларды түсінеміз. Өнім сапасының деңгейіне әсер ететін, жағдайлар санына өндірістік процестерді және еңбекті ұйымдастыру формасы және басқа жағдайлар жатады. Жағымды жағдайлар орнатылған, техникалық толық қолдануға және осы мүмкіндіктерді өнімге қажетті қасиетті беруге бағыттауға рұқсат етеді. Жағымсыз жағдайлар орнатылған факторлар мүмкіндігін толықтай іске асыруға рұқсат етпейді (онда сапа қажетті деңгейге жетпейді), немесе осымүмкіндіктерді жүзеге асыруға үлкен күштерді талап етеді, бұл жағдайға еңбек, энергия және қаржы құралдары көп шығындалады.
Осылайша өнім сапасының тиімді деңгейін қамтамасыз ету үшін өнім сапасына әсер ететін факторлар және жағдайлар арасында неғұрлым жағымды қатынасты қамтамасыз ету керек. Өнім сапасына әсер ететін барлық факторлар обьективті және субьективтіге бөлінеді.
Обьективті факторлар тобы өте көп және қабылданған техникалық шешімдер сипатымен, техникалық құралдар қасиетімен өнімді құру және пайдалану кезіндегі өндіріспен байланысты факторлар кіреді. Соның ішінде:
-бұйым конструкциясы;
-база өндірісінің техникалық деңгейі;
-дайын өнімді дайындауға ұйымдастыру;
-технология және бақылаудың техникалық құралдары;
-пайдалану базасының техникалық деңгейі және т.б.
Субьективті факторлар тобына адамның өндірістік әрекетімен байланысты факторлар жатады. Ол еңбек сапасы арқылы белгілі бір өндірістік қызметтерді орындауға адам қабілетіне тәуелді. Оларға:
-профессионалды шеберлік;
-жалпы білімді деңгей;
-адамның психологиялық деңгейі;
-еңбек нәтижесіне қызығушылықтың жеке талпынысы.
Тәжірибеде көрсеткендей профессионалды шеберлік жоғары болған сайын, ол өнімді жақсы шығарады. Мінездері тұрақты қоймалы жұмысшылар қатаң өндірістік тәртіпке және өндірістік операциялардыорындауға оңай бағынады. Адам өндірістік процесс талабына өзін бағындыра алмаған жағдайда, ол еңбек сапасын төмендетеді және өнім сапасын нашарлатады, ақаулықты жібереді.
Жұмысшылардың жеке талпыныс өндірістік қызығушылықтары мен сай келсе, жұмысшылар жоғары сапалы өнім шығаруға қызықса, еңбек сапасы өседі, тұрақты болады, өнім сапасын кепілдендіреді.
Субьективті факторлардың ерекше белгісі, обьективті факторлармен салыстырғанда олардың тұрақтысы аз. Сондықтан субьективті факторлардың өзгерткіштігін ескертетін шараларды жүзеге асыру керек. Онымен сапа кәсіпорын әрекетінің барлық жағының тиімділігін көрсететін және сапа көрсеткіштер жұйесінен құралған комплексті ұғым болып табылады.
Мысалы, сапа көрсеткіштерінің жүйесі,
-жабдықтау сапасы-техникалық жағдайы;
-еңбек сапасы- ақаудың пайда болу себебі;
-өнім сапасы- ақаулардың болуы;
-өнім сапасын тексеру әдістері және т.б туралы ақпаратты беріп отырады. Бұл мағлұматтар жаңа бұйымды жобалау және шығарылған тауарды модернизациялау жұмыстары үшін негізгі болып табылады.
Маркетингтік қызмет сапасымен басқару аймағында шешімді өз уақытында қабылдауға мүмкіндік беретін, тұтынушы мен қайтымды тұрақты байланысты қамтамасыз етеді. Бүгінгі, нарықтық экономика жағдайында, сапаны тұтынушы тұрғысынан қарайды. Өнім нарықта сұранысқа ие болу үшін, ол келесі талаптарға жауап беруі керек:
-тұтынушылардың талабын қанағаттандыру;
-қолдану ортасында белгілі бір қажеттілікке нақты жауап беру;
-стандарттарға немесе техникалық шарттарға сай келу;
-тұтынушыға бәсекеге қабілетті баға бойынша ұсыну;
-өндірушіге пайда әкелу.
Осы мәселелерді шешу кезінде, кәсіпорын өндірістің техникалық деңгейін қадағалау, администраторлы және адамдық өзара қатынастарды бақылау, сапасыз өнімді шығаруды қысқарту бойынша шаралар қолдану сондай-ақ осындай өнімді шығаруды ескертетін, профилактикалық шаралар қажет.
Жұмыс сапасы фирманы фуңнкционирлеудің қамтамасыз етуімен тікелей байланысты. Өнімді шығарумен байланысты, жұмыс сапасының ерекше маңыздылығы бар. Өнім сапасы жұмыс сапасының құраушы және салдары болып табылады. Бұл сатыда өнім сапасы және тұтынушы ойы тікелей бағаланады, жарнамалар талданады. Осылайша, сапасымен басқару бойынша әрекет, өнім шығарылғаннан кейін тиімді бола алмайды. Бұд әрекет өндіріс жүрісінде іске асу тиіс.
Қазіргі теорияда және сапаны басқару пратикаксында келесі 5 негізгі саты белгіленеді:
1. «не өндіру» шешімін қабылдау, техникалы және нормативті базаны дайындау;
2. өндіріс дайындылығын тексеру және ұйымдастырылған жауапкершілікті үлестіру.
3. өнімнің дайында упроцесін жүзеге асыру;
4. ақауларды жою және болашақта ақаулардың пайда болуын болдырмау үшін өзгерістерді бақылау және өндіріс процесіне ендіру мақсатында қайтымды байланыс ақпаратымен қамтамасыз ету;
5. сапа бойынша ұзақ мерзімді жоспарлауды жасау.
Тізімделген сатыларды жүзеге асыру кәсіпорынның барлық басқару органдары және бөлімдерінің өзара әрекетінсіз мүмкін емес. Мұндай өзара әрекеттілік сапаны басқару жүйесін қамтамасыз етеді. Бір саты болмаған жағдайда, барлық жүйе үзіледі. Мысалы,шығарылған өнім ьехникалық талаптарға сай келеді, бұйым конструкциясы дамыған болу керек, ал өнім нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жарамайды.
Сапамен басқару үшін, тиімді сападағы өнімді құруға әсер ететін барлық факторларды және жағдайларды анықтау керек, бақылауды, есептеуді, талдауды жүргізуді және ұйымдастыруды қамтамасыз ету керек.
ИСО 9000:2000 стнадартына сай «Сапамен басқару» термині сапаға қойылатын талапты орындауға бағытталған, сапа менеджментінің бөлігін білдіреді.
Сапамен басқарудың ұйымдастырылған құрылымдық жүйесіне фирма әрекетін басқарудың жалпы процесі кіреді. Сондай-ақ өндіріс процесін алға жылжытатын, өнім сапасын қамтамасыз ету әрекетіде маңызды.