Параноидты түрде әртүрлі сандырақ идеялар: қарым-қатынас, ықпал ету, аңду, қызғану, жаңашылдық сандырақтары, ипохондриялық сандырақ, ұлылықтың сандырақ идеялары түрлерінде байқалады. Көбіне сандырақ синдромының орталығы психикалық жаттандылық құбылысын құрайды (Кандинский-Клерамбо синдромы)
Парафрениялық синдром шизофренияның клиникалық көрінісі ретінде өз дамуында бірқатар сатылардан өтеді. Мұның алғашқысы инкубациялық кезең. Бұл кезеңде аурудың жеке басы баяу дамитын өзгеріске ұшырайды. Ашушаңдық. Сарыуайымшылдық, ипохондриялық ойлар біртіндеп шүбәлану мен күдікшілдікке ұласады.