Параноидты шизофрения. Шизофрениялардың ішіндегі ең жиі таралған түрі болып табылады. Клиникалық көрінісінде салыстырмалы тұрақтылық,жиі параноидты, сандырақты, көбінесе есту галлюцинацияларымен жүретін , қабылдаудың бұзылыстарымен көрінеді. Сана-сезім, ерік, ойлау бұзылыстары, кататоникалық симптомдар әлсіз көрінеді. Шизофренияның параноидты түрінде ауру күйінде сандырақ идеялар басым келеді. Көбінесе галлюцинациялардың байқалуымен қоса жүреді. Бір жағдайларда ауру жедел басталып, бас кезінде үзік-үзік және ауытқымалы пікірлер нақты сипатта көрінеді(“бейнелі” сандырақ). Енді бір жағдайларда сандырақ маңайындағылар үшін түсініксіз, ақиқаттан қол үзген елес түрінде жиі білінеді (“дерексіз” сандырақ).