Тақырыбы: Сирия


Пальми́ра (гр. Παλμύρα, арамейше көшірме, калька ивр. תַּדְמוֹר‎, Тадмор



бет3/5
Дата11.12.2021
өлшемі35,15 Kb.
#99020
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жанел Азия 13 апта

Пальми́ра (гр. Παλμύρα, арамейше көшірме, калька ивр. תַּדְמוֹר‎Тадмор, «пальма қаласы») — бұрынғы гүлденіп тұрған қала, бүгіндері ежелгі римдік соңғы дәуірінің сәулетінің маңғаз құрылыстарының қалдықтарымен аты шыққан Сириядағы кедей елді мекен. Бұл жер 34°33′33″ с. е. 38°16′25″ ш. б.34.55917° с. е. 38.27361° ш. б. (Г) (О) (Я)(Ферро аралынан), шөлдің бір шұратты жерінде, Дамаск пен Евфрат арасында, біріншісінен 240 км солтүстік-шығысқа қарай, ал екіншісінен 140 км қашықтықта

Халқы 16 млн. 729 мың (2001). Негізінен сириялық арабтар, олардан басқа күрдтер, армяндар, түрікмендер, шеркестер, сығандар тұрады. Сириялықтар, сириялық арабтар — ұлт, Сирияның негізгі халқы. Саны 6,4 млн. жуық. Сондай-ақ 200 мыңнан астам Сириялықтар басқа елдерде (негізінен Оңтүстік Америкада) тұрады. С-дың аз ғана бөлігінде ру-тайпалық құрылыс сақталған (неғұрлым ірі тайпалар — федаан, хадедийин, мавали, бени халед, умур). Негізгі кәсібі — егіншілік, жартылай көшпелі мал шаруашылығы

Астанасы Дамаск қаласы. Дамаск, Шам — Сирияның астанасы (1943 жылдан), ежелгі мәдениет орталығы. Дамаск туралы алғашқы жазба деректер б.з.б. 16 ғасырлардан бастап кездеседі. Қала Дамаск патшалығының орталығы (б.з.б. 11ғ,—б.з.б. 732 ж.), кейіннен Ассирия, Жаңа Вавилон, Ахемен әулеті, А. Македонский, Селевеки әулеті, Рим, Византия мемлекеттетерінің құрамында болды. 635 ж. қаланы арабтар жаулап алған соң, халифаттың астанасына (671—770) айналды. Аббас әулеті түсында астана Бағдат қаласына көшкен соң да, Дамаск діни, ғылыми-мәдени орталық ретіндегі мәртебесін жоғалтқан жоқ. 9—13 ғасырлар аралығында кала ор түрлі мұсылман мемлекеттерінің, 1260—1516 ж. мәмлүктердің, 1401 ж. Әмір Темір иелігінде болды. 1516— 18 ж. Осман сүлтандығының құрамында, 1920—43 ж. Францияның мандатты территориясы. Сирияның астанасы. Дамаскдегі "Баб әс-сағир" (Кішкене қақпа) бейітінде ғүлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби жерленген. [11]Дамаск — қазіргі дүние жүзі астаналарының ішіндегі ең ежелгісі. Оның арабша атауы Димашқ немесе әш-Шам. "Димашк" сөзінің шығу төркіні жөнінде көптеген пайымдаулар бар. Дамаск жөніндегі ең алғашқы еске алулар Египет перғауындарының ХВЫЫЫ әулетінің құжаттары мен аккад тақташаларында кездеседі. Онда кала Димаску немесе Димашка деп аталған.

Арамей құжаттарында Дамаск Дурмешек және Думмешек деп аталған. Дамаск ескі Өсиеттің бірінші кітабында маңызды қолөнер және мәдени орталық ретінде еске алынады. Кейінірек Дамаск аталып кеткен қоныс Солтүстік Арабия шөлдерінен жайылымдар басып алуға шыққан көшпелі арамей тайпаларының кезінде жоғары гүлдену дәрежесіне жетті. Дамаск, Сури, яғни Сирия еліндегі арамейлердің ең ірі орталықтарының біріне айналды.

Дамаск орасан тарихи және мәдени құндылыққа ие, өйткені мұнда ежелгі және ортағасырлық архитектураның ескерткіштері сақталған. Кейбір орамдар Селевкілер дәуірінде (б.з.д. 312—64 жж.) салынған, көшелері тік бұрышты жоспарланған болып келеді. Римдіктер жаулап алған кезеңнен қала , қақпалардың орны, монументті арқаның құлаған қалдықтары мен коринфтік бағаналары бар Дамаск Юпитерінің қасиетті ғибадатханасының қалдықтары сақталған.[12]

Сирия араб тілінің сириялық диалектісінде сөйлейді. Ресми тілі — араб тілі. Елдің солтүстігінде күрд тілі қолданылады. Сонымен бірге Армян тілі, Адыг (черкес) тілі және Түркімен тіліде қолданыста бар. Біршама аудандарда ежелгі Арамей тілінің диалектілері қолданылады. Шет тілдерінің қатарында — Орыс тілі, Француз тілі және Ағылшын тілі қолданылады.

Тұрғындарының 90%-ы мұсылмандар, қалғандары христиандар (православтар, католиктер, марониттер, т.б. Мұсылмандардың 87 % — сунниттер, қалған 13 % — әләуилер және исмаилиттер, сонымен бірге шииттер де бар. Олар 2003 жылғы Ирак соғысынан кейін көбейді. Христиандардың жартысы сириялық православтар, 18 % — католиктер (Сирия католик шіркеуі және Мелькит католик шіркеуі). Сондай-ақ Армян апостол шіркеуі және Орыс православ шіркеуі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет