Тақырыбы: Сөйлем мүшелері І деңгей тапсырмалары: Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талда, тиісті сызықтармен сыз


«Ана тілім» тақырыбына төрт жол өлең құрастырып жаз. Құраған өлеңіңдегі сөздерді сөз таптарына талда



бет2/2
Дата17.12.2016
өлшемі0,79 Mb.
#4066
1   2

3. «Ана тілім» тақырыбына төрт жол өлең құрастырып жаз. Құраған өлеңіңдегі сөздерді сөз таптарына талда.



  1. Мақалдардың, жалғасын тауып жаз. Тапқан сөздерді сөз таптарына талда, қай сөзбен байланысқанын анықта.




    1. Ақыл көпке жеткізер,

Өнер ... ... .


    1. Берекені көктен тілеме,

Еткен ...


    1. Жауға жалынба,

Досқа ...
4. Ердің құны- жүз жылқы

Ары - ...


5. Атадан жақсы ұл туса... ....

Елінің малын жейді.

Тақырыбы: Қыстырма сөз
І деңгей тапсырмалары:



  1. Екі бағанды оқып салыстыр. Құрамындағы сөйлем мүшесі

болмайтын сөздерді тап.


  1. Адамның ойлағаны үнемі бола берсе, 1. Әрине, адамның ойлағаны

өмірде мән де қалмас еді. үнемі бола берсе, өмірде

мән де қалмас еді.


2. Естігенде қуанып едік, ол бізді 2. Естігенде қуанып едік,

түсінбепті. амал не, ол бізді түсінбепті


3. Көшеде жүру тәртібіне ендігі жерде 3. Кешіріңіз, көшеде жүру

мұқият болармын. тәртібіне ендігі жерде

мұқият болармын.

4. Бүгін жаңбыр жауа қоймас. 4. Бүгін, сірә, жаңбыр жауа

қоймас.


  1. Сөйлемді оқы. Қыстырма сөзді тап. Қыстырма сөздер сөйлемнің қай

жерінде келіп тұрғанын анықта.


  1. Ғафу етіңіз, балалар да осында қалсын. 2. Жаңбыр қатты жауды, өкінішке орай, жоспарланған істің жартысын ғана өткізуге тура келді. 3. Осылардың бәрі де, неге екенін қайдам, қалаға үйір болып алды. 4. Айып болмаса, кітабыңызды оқи тұруға бола ма?



  1. Берілген сөйлемдегі қыстырма сөздерді алып тастап жазып көр. Жазған сөйлемдердегі сөздердің байланысын тап.



  1. Жалпы, автор жазып отырған шығармасын жақсы біледі

2. Шынымды айтсам, өзің бір қызық жан екенсің.

3. Ғұмыры егін егіп, нанға жарымаған кедей-кепшік, қайтсін, аядай жерін қызғышша қориды. 4. Шақырғанда келмедің, ұмытып- кеттің –ау, сірә.



ІІ деңгей тапсырмалары:


  1. Көп нүктенің орнына тиісті қыстырма сөздерді қойып, сөйлемдерді

көшіріп жаз.



  1. Киіктің лағы ... табынға ілесе алмады. 2. ... , бүгін де күн бұлтты болатын түрі бар. 3. Аңсап –ақ келіп едік, ... сахнаға ол шықпай қалды. 4. Мен ерекше толқыдым, ... бәрі де ойдағыдай аяқталды.


Керекті сөздер: амал не, бақытыма қарай, өкінішке орай,

меніңше.


2. Сөйлемдерді түсінік оқы. Осы сөйлемдегі қыстырма сөздерді алып

тастап жазып көр. Сөйлем мүшелеріне талда.


  1. Мен де осылай боларын сезіп едім, өкінішке орай, сөзіме құлақ асты? 2. Жақсы адам көмегін ешқашан аямағанмен, көп жағдайда, сірә да оның қадірін біле бермейміз ғой. 3. Адамға ата-анадан дақын да жанашыр ешкім болмас, сірә. 4. Дегенмен, жүргізушінің епті қолы рульды оңды-солды бағдарлап, зулап келеді.


3. Тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Қыстырма \

сөздердің астын сыз.

Меніңше әзірге ешкімге жария етпеу қажет шығар. Түптеп

келгенде тезірек білім жинақтап, оны жүзеге асыру тиімді

болары сөзсіз. Асқардың осы уақытқа дейін келмегеніне

қарағанда, сірә, жиналыс туралы естімеген ғой. Қыс аяғы

созылып кете ме кім біледі.


4. Сөйлемдердегі төмендегі қыстырма сөздерді мағынасы үйлесетін

сөйлемдерге қосып көшіріп жаз.
Бұл қайда жүр десем, атасымен бірге мал қайыруға кеткен ғой.

Асылзат жарысқа қатысып келсін. Сен кеше қайда болғаныңды

айтпадың ғой. Уақытша екі күнге жайлауға екі шопанның көші

қатарласа қонуына тура келеді. Бүгінгі бір ғана кештің өзінде

Аяжан көп нәрсені білді.
Керекті қыстырма сөздер: айтпақшы, бәсе, өкінішке орай, міне,

ендеше.


ІІІ деңгей тапсырмалары:



  1. Берілген қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Біріншіден, бәлкім, сеніңше, мүмкін болса, қорыта айтқанда, түптеп келгенде.




  1. Қыстырма сөздері бар бес сөйлем ойлап жаз. Қыстырма сөздер құрастырған сөйлемдеріңнің басында, ортасында, соңында келетін болсын.



  1. Қыстырма сөздің ережесін жаз.


Тақырыбы: Зат есімнің септелуі.

Септіктер.

І деңгей тапсырмалары:

1. Бесік, көлік сөздерін септеп жаз.
2. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған зат есімдердің қай септікте

тұрғанын сұрақ қою арқылы анықта.

Қайық.

Ертеде адамдар алғашқы қайықты да жасап шықты. Олар салға қарағанда мықты, сенімді болды. Қайық мініп, ашық теңізге шығу енді қатерлі көрінбейтін. Жуан бөрененің өзегін балтамен шауып ойық жасаса болды, қайық та дайын болады.



3. Өтірік өлеңді оқып, зат есімдерді тап. Оларға қай септіктің жалғауы

жалғанғанын анықта.
Міндім де тасбақаға аяңдадым.

Қудым да құмдауыттан қоян алдым.

Қояны сол араның семіз екен,

Көтеріп тасбақаға қоя алмадым.

/ Халық аузынан/

ІІ деңгей тапсырмалары:



  1. Көп нүктенің орнына Ненің? Деген сұраққа жауап беретін сөзді қойып, екі сөзді бір-бірімен байланыстыр.

... даусы, ... аяғы ... , жері ..., күйі ... , ... жапырағы.




  1. Сөйлемдерден ілік және барыс септіктегі сөздерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын сұрақ қойып анықта.




    1. Дина тоғыз жасының өзінде- ақ атақты күйшілердің күйін нақышына келтіріп тартқан. 2. Тайганың қойнауы алмас пен алтынға, мұнай мен газға, бағалы минералдар мен кендерге бай. 3. Игі іске қуанбайтын адам жоқ. Әрбір жақсылықтың жарыққа шығуы тиіс.




  1. Көп нүктенің орнына табыс септік жалғауларын жаз. Тиісті белгімен белгіле.

Ақылды аңдап сөйлер,

Әр сөзі ... таңдап сөйлер.
Сүрінбеген – дос қадірі ... білмейді,

Ашықпаған – ас қадірі ... білмейді.


Жалау... көтерген жол бастар,

Танау .. көтергенді сор бастар.




  1. Өлеңнен жатыс және шығыс септіктеріндегі сөздерді теріп жаз.



    1. Сылдырады күмістей,

Таудан аққан тас бұлақ.

Алтын таңмен аралас

Табиғаттан сыр сұрат.
Дүниеге таң атқызған

Күннен өткір жанары.

Жасыл орман гүлінде

Бұлбұл әнге салады.



/ З.Қалауова /

  1. Құрамында көмектес септігі бар сөздерді теріп жаз.




    1. Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер. 2. Той бүкіл сәнімен, салтанатымен өте қызықты өтті. 3. Көппен көрген ұлы той. 4. Ер етігімен су кешкен соғыс күндері еді. 5. Не істесең де, оймен, ақылмен істе.

ІІІ деңгей тапсырмалары:


  1. Ереже сөзін табыс септігіне, бұлақ сөзін шығыс септігіне, көңіл сөзін ілік септігіне, дария сөзін жатыс септігіне қойып, әрқайсысына жеке-жеке сөйлемдер құра.



  1. Құрамындағы сөздерге септік жалғаулары жалғанған үш мақал-мәтел ойлап жаз. Қай септікте тұрғанын айт.



  1. Өз сыныбың жайында шағын шығарма жаз. Сөйлемдеріңде септік жалғауы жалғанған сөздер болсын. Септік жалғауларын белгіле.



  1. Берілген сурет бойынша әңгіме құрастыр. Зат есімдерді сөз құрамына талда.





  1. Әр септікте тұрған сөздер ойлап жазып, әрқайсысына құрап жаз.



Тақырыбы: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем.

І деңгей тапсырмалары:


  1. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыр. Олардың айтылуына,

құрамында, тыныс белгілерінде қандай айырмашылықтар бар екенін

анықта.
Еркін мен Ерлан атқа мінді. Олар қырдан Еркін мен Ерлан атқа мінді де,

қозыларды айдап әкелді. қырдан қозыларды айдап

әкелді.

Көктем келді. Жер-дүние жаңарып Көктем келді де, жер-дүние



сала берді. жаңарып сала берді.
Алматының ауа райы өзгермелі. Алматының ауа райы өзгермелі

Онда жаңбыр да лезде жауа салады. болғандықтан, онда жаңбыр да

лезде жауа салады.

Өз ұлтыңның тарихын білу үлкен Өз ұлтыңның тарихын білу-

парыз. Мұрат қосымша әдебиеттерді үлкен парыз дегендіктен, Мұрат

көп қарайды. қосымша әдебиеттерді көп қа-

райды.

2. Өлеңнен құрмалас сөйлемдерді тап. Әр құрмалас сөйлем неше жай

сөйлемнен тұратынын анықтау.
Күрестің жырын жырлаған,

Халықтың мұңын мұңдаған.

Елі ұйып әнін тыңдаған

Жаяу Мұса - бір бабаң.


3. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Жұмбақта сөйлемнің қандай түрлері

кездеседі? Құрмалас сөйлем неше жай сөйлемнен құралған?
Тас тасқа шағылды,

Одан от жағылды.

( Шақпақ тас)


  1. Жаңылтпашты көшіріп жазып, сөйлем түрлерін анықта.

Кесе, кесе талды,

Қолым әбден талды.

Кесе-кесе су ішіп,

Шөлім әзер қанды.

( Ө. Ақыпбеков).



ІІ деңгей тапсырмасы:


  1. Мәтіндегі жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.

Баяндауыштың жасалуына назар аудар.
Даланың қаңбағы мен топырағын аспанға көтерді. Алыстан үйіріліп бір құйын келе жатты.Айжан оны елең қылмады. Қойын бағып жүре берді.Құйынның күшті діңі Айжан тұрған жерге дөп келді. Баланы шөпшек құрлы көрмеді. Қол – аяғын ербеңдетті. Диірменнің тасындай шыр айналдырды.

  1. Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге, құрмалас сөйлемді жай сөйлемге айналдырып жаз. Құрмалас сөйлемдердің бірінші жай сөйлемінің баяндауышын тап.

Сәбіз қызыл түске еніп, оның тамыр-жемісі де мейлінше үлкейді. Алабұғалар тереңдегі бір қуысқа жиналды. Ұйқыға жатты. Қиярды төртке бөл. Ыдысқа рет-ретімен сал. Егер бөкендер құмға қарай беттесе, онда боран болады дей бер. Қорқыт – тоқсан бес жыл жасаған адам. Тарихта аттары сақталған үш ханның тұсында ол бас уәзір қызметін атқарған.




  1. Құрмалас сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз.

Торғай отыр томпиып

Құйрықтары шолтиып

Сауысқаның сақ отыр

Жапалағың тағы отыр
Алтайға қарап асқақтыққа құмарттым

Сауырға қарап сұлулыққа құмарттым

Ертіске қарап тереңдікке құмарттым

Мен жасымнан арманға көп жүк арттым



4. Құрмалас сөйлемдерге тиісті тыныс белгісін қойып, келесі сөйлемді

бас әріптен бастап жаз.
Оқушылар жұмыстарын бітіріп үйлеріне қайтты Ермек далаға шығып жан-жағына қарады түс ортасы ауа жұмысшылар демалып тамақ ішіп тынықты Дидар шыбықты тамырымен қоса жұлып алып ат қып мініп алды да көшемен жүгіре жөнелді аю жыртқыш болғанымен аңды сирек аулайды таңертеңнен кешке дейін орманды кезіп жүріп өзіне қорек іздейді.


  1. Өлеңді жатқа жаз. Тиісті тыныс белгілерін қойып, баяндауыштардың астын сыз.

Көктем.


Келсе көктем сырнайлы

Бұлақ күліп тынбайды

Шуақ төгіп күміс күн

Бұлбұл бақта жырлайды

Қыр құлпырып гүлдейді

Бал арасы гүлейді

Асық ойнап топ бала

Жуырда үйге кірмейді




  1. Логогрифті шеш. Тиісті тыныс белгілерін қой. Сөйлемдегі

сөздердің байланысын көрсет.
Мені жұтсаң қуанып

Тыныс алып тұрасың

Қоссаң алдан бір әріп

Маған суды құясың

Малдарыңды суарып

( Ауа – науа)




  1. Мақалдарды жатқа жаз. Мағынасын түсіндір. Құрмалас сөйлемде

неше жай сөйлем бар екенін анықта. Құрмалас сөйлемді жай

сөйлемге айналдырып көр.
Ақ сөз ащы болар,

Ғайбат сөз тәтті болар.


Ақылды аңдап сөйлер,

Әр сөзін таңдап сөйлер.


Ер – елдің баласы, жер – елдің анасы.

ІІІ деңгей тапсырмалары


  1. Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз. Оның жай сөйлем

немесе құрмалас сөйлем екенін айт.
1.
2.
3.
2. «Менің сүйікті жануарым» тақырыбына шағын шығарма жаз.

Жазған шығармаңда жай сөйлем мен бірге құрмалас сөйлемдер

болсын.


3.Құрамында 3-4 жай сөйлем бар құрмалас сөйлем құра да сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.

  1. Сурет бойынша әңгіме құра. Әңгімеңде құрмалас сөйлемдер

болсын.

  1. «Жан досым» тақырыбына төрт жол өлең құрастыр. Тиісті тыныс белгілерін қой.


  1. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Орманда» тақырыбына мәтін құра. Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда.



Тақырыбы: «Орманда»
Тірек сөздер: ғажайып түстер, құлпырған, таңғажайып,

құстар, жапырақтар сыбдыры, тиіннің түсі,

сары кілем төселгендей.

Тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі

І деңгей тапсырмалары:



  1. Берілген сөздерді жекеше және көпше түрде жіктеп жаз.

Оқушы, әнші, ұлан.




  1. Сөздерді көшіріп, қай жақта тұрғанын анықта.




    1. Елім, қарлығашы, өмірің.

    2. Ормандары, бөлмелерің, бишілерміз.

    3. Әкімі, қарыңдастарың, дәрігермін.



  1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талда. Баяндауыштардың қандай сөз табынан болып тұрғанын анықта.

Сен шәкіртсің. Ол жұмысшы. Айзат – ұста. Жанар –кезекші.

Алатау – биік тау. Біз өнерді сүйетін халықпыз. Қайрат – талантты

әнші.



ІІ деңгей тапсырмалары:


  1. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Жіктік жалғауларының астын сыз.




    1. Мен –қазақ ..., мың өліп, мың тірілген.

    2. Біз еліміздің ертеңіне жауапты келешегі... .

    3. О. Туған жер, сенде өскен балаң ... .

    4. Сен менің қиял- ғажап ертегім... , ертеңім... .

    5. Жас бүлдіршіндер, сендер – аға ұрпақтың сенімін ақтайтын жалын... .

    6. Ғалымдар – ұлттың ақыл – ойының сақтаушы.



  1. Анаграмманы оқып, шешуін тап. Жіктелген зат есімді үш жақта көпше түрде жіктеп жаз.

Қажет сондай құралмын,

Қолыңа жылда мың алдың.

Соңғы екі әріп алмасса,

Баспана болып шығармын.

/ Күрек- күрке/



  1. Өлеңді жатқа жаз. Жіктелген зат есімдерді тауып, 2-ші жақта көпше түрде жікте. Қаһарман сөзінің мағынасын түсіндір.

Армиямыз қаһарман.

Ұлан – байтақ жерімді,

Ұлан – байтақ елімді

Қорғап тұрған сенімді –

Армиямыз қаһарман!

/ Н. Айтов /



  1. Мәтінді түсінік оқы. Жіктелген зат есімдерді теріп жаз. Қай шақта тұрғанын анықта.

Мен – осы өмірімде қуанып та, қайғырып та көрген адаммын. Ал сендер – біздің ізімізді басып келе жатқан жас толқын інісіңдер. Сендер – ертеңгі елдің болашағысыңдар, балалар! Ешқашан да болдым, толдым деп тоқырап қалуға хақыларың жоқ. Біз – көшбастаушымыз., жастар – жалғастырушы. Сол жауапкерщіліктің жүгін көтерердей нарға лайық күш қажет.

Өмір –теңіз, адам сол теңізден өз бағытын анық көре алуы тиіс. Сонда ғана ол өз бақытының да бағдаршысы бола алады.


ІІІ деңгей тапсырмалары:


  1. Берліген сөздерді үш жақта жекеше, көпше түрде жіктеп, өзің қалаған жақтағы сөзге сөйлем құра.


  1. Мына суреттегі заттарды атауымен ата. Сөздерді жікте. Жіктелген сөздерді қатыстырып сөйлем құра.



  1. Мына сөздерді пайдаланып, төрт жол өлең құрастыр.

... ұлыңбыз,

... жырыңбыз.

... ...


... қызыңбыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет