Кеңес елі ыдырап, Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін, капитализм мен
социализмнің теке - тіресі аяқталды. Осы кезде Қазақстан әлемдік
саясатының кіндік нүктесіне айналды. Әлем назары бізге ауды.
Қазақстан
Мүмкіндіктері
Кедергілер
Басты міндет
1. Жер көлемі
2. Табиғи байлығы
3. Көп ұлтты
көп дінді.
4. КСРО-дан
қалған ядролық
қарудың біразына
ие.
1. Ресей мен Қытай
сияқты алып
мемлекеттер
ортасында.
2. Халқы аз.
3. Теңізге шығатын
жолы жоқ.
4. Кейбір
саясатшылар
ядролық қаруы бар
“Ислам мемлекет”
деді.
1. Мемлекеттің шын сипатын
таныту;
2. Халықаралық дәрежеде
мойындату;
3. Әлемдік шаруашылықпен
экономикалық байланыстарға
белсене араласу.
Еліміз Ресей мен Қытай сияқты екі алып мемлекеттің арасында орналасқан. Жері үлкен болғанымен халқы аз, 15 миллиондай ғана.
Халқының саны жағынан әлемде 71-ші орын алады.
Теңізге қашықтық 3750 шақырымды құрайды.
Халықаралық сарапшылар бағалағандай, жерінің асты мен үсті табиғи байлықтарға толы минералдық қазба байлықтар қорынан сол кездегі дүние жүзіндегі 170-тен астам елдердің арасында Қазақстан мынандай орын алады:
Вольфрамнан - 1 орын
Хромиттен - 2 орын
Фосфордан - 2 орын
Марганецтен - 3 орын
Мыстан - 6 орын
Күмістен - 7 орын
Темір рудасы қорынан - 8 орын
Көмір - 9 орын
Никель - 10 орын
Мұнай - 12 орын
- 130 – ға жуық ұлт пен ұлыстың өкілдерінен құралды.
- 40 – тан астам діни конфессиялар болды.
Қазақстанның БҰҰ-дағы қызметі.
1991 ж 20 желтоқсанда сол кездегі еліміздің Сыртқы істер министірі Ақмарал Арыстанбекованы Елбасымыз Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның жанындағы Қазақстан Республикасының 6 адамнан тұратын Тұрақты өкілі етіп тағайындады. Сөйтіп Ақмарал Хайдарқызы Қазақ мемлекетінің тарихында шет елде елшілік қызмет атқарған тұңғыш қазақ қызы болды.
1997 – 1998 және 2000 жылдары БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы «Халықаралық Ынтымақтастық және Қазақстандағы Семей аймағы халы мен экономикасын оңалту және экономикалық дамыту мақсатындағы қызметті үйлестіру»атты қарар қабылданды.
БҰҰ аясында 1999 жылы Токиода Семей аймағының проблемалары жөнінде халықаралық конференция болып өтті. 2002 жылғы мәлімет бойынша Семей аймағын сауықтыруға тартылған БҰҰ қаражатының жалпы сомасы 26 миллион АҚШ-долларын құрады.
2002, 2003 ж. БҰҰ-ның қолдауымен Қазақстан Еуразиялық Медио-форум.
2002 ж – АӨСШК (Азиядағы өзара ықпалдастық сенім шаралары кеңесі) саммитін
2003 – Еуразиялық экономикалық саммит
2003ж – теңізге шығатын жолы жоқ және тасымал жолынан алыс орналасқан дамушы елдердің проблемалары туралы халықаралық конференция
2003 ж - Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І съезі сияқты халықаралық маңызы бар жиындарды ұйымдастырып өткізеді.
Қазақстанның Еуроодақпен байланысына арналады.
370 млн. адамы бар біртұтас ішкі рынок жағдайында ЕО-ның ішкі жалпы өнімі АҚШ-қа тең. (5,5 трилмюн доллор)
ЕО-да тауарлардың әлемдік саудасының 40%-і және қызмет көрсету саудасының 30% жоғарланған.
Ғылыми – технологиялық және қаржылық әулеті АҚШ-тан кейін 2-орын алды.
2003 ж. 16-сәуірінде Афина қаласында Эстония, Чехия, Кипр, Латвия, Венгрия, Мальта, Литва, Словакия, Польша, Словения мемлекеттерін ЕО-ға мүшелікке қабылдау туралы келісімге қол қойылды.
Осы 10 мемлекетпен ЕО трерриториясы бірнеше есе кеңейіп, жалпы ішкі өнімнің көлемі 5 триллион евродан тұратын әлемдегі ең ірі сауда блогына айналды.
Қазақстан мен Ео арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар – 1993 жылы орнатылды.
1999 жылы біздің еліміздің ЕО мемлекеттері мен сауда айналымы 2, 2 млрд. Жоллорды құрады.
2002 жылы ЕО елдерімен сауда көлемі 3 млрд. Доллорды құрады.