Херсонов негізгі мектебі. Математика пәні мұғалімі: Калемшарив Еркежан
Кембридждік оқыту әдіс тәсілдерін қолданғалы бері әр сабақты қызықты етіп өткізу мүмкіндігі туғандай. Оқулықтарды парақтаған сайын әр сабақтың құрылымын да өзгертіп отыруға қызықтым. Соның бірін осы сабаққа қолдануға бел будым және маған ұнады. Интербелсенді сабақтар ұйымдастыруда Дэвид Колбтың идеялары бойынша сабақ құрылымын қолдандым. Бұл сабақ құрылымы 3 кезеңнен тұрады.
кезең . Мотивация және жаңа тақырыпты жариялау, өткен сабақты бекіту (қайталау ) -30%
кезең . Жаңа материалды меңгеру -50%
кезең . Бағалау және сабақты қорытындылау (дебрифинг, рефлексия) -20%
Тақырыбы: Тарау бойынша қайталау. Квадрат теңдеу.
Мақсаты: Квадрат теңдеу, квадрат теңдеу түрлері, квадрат теңдеу формулалары, Виет теоремасы, квадрат теңдеуге келтірілетін квадрат теңдеу жайында алған білімімізді толықтап, есептер шешуде формулаларды қолданып үйрену.
Нәтижесі:Тарау бойынша квадрат теңдеуді біледі, есептер шешуде ережелерді қолдана алады.
Түйінді идеялар: Ойларын ашық жеткізу. Математикалық сөздік қорын арттыру.
Қолданылған әдіс тәсілдер: СТО, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау, АКТ, , көшбасшылық, дарынды және талантты балалармен жұмыс. Сабақ төмендегідей жоспар бойынша жүргізілді.
Ұйымдастыру
Үй жұмысын тексеру (сұрақ жауап) Мотивация
Жаңа сабақты түсіндіру.
Ауызша және жазбаша есептерді шығару
Сергіту сәті
Алған білімдерін бекіту
Бағалау
Дебрифинг.
-Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Есімнен сөздер құрау». Мысалы: Гүлдана –гүл, ана, дана, нала, т.б.
Бүгінгі сабақ бойынша ұранымыз. «Үйрене отырып, үйрету».
Тапсырма:
1.Берілген ах2+вх+с=0 теңдеуінде а және в Iші және IІ-ші .......................
2. х1+х2= -р х1∙х2= q бұл қай теорема?
3. Кез келген шексіз периодты емес ондық бөлшек.
4. в2-4ас квадрат теңдеудің ....................
5.Бөлшек рационал теңдеу +бүтін рационал теңдеу=.........................
6. Барлық рационал және иррационал сандар................сандар жиынын құрайды.
7. х2+2х=0 бұл қандай квадрат теңдеу?
ІІ. Тапсырма: Постер құру.
ІІІ.Тапсырма. Берілген есептерден толымды, толымсыз және келтірілген квадрат теңдеулерді ажыратып жазыңдар.
9х2-4=0 х2-10х+16=0 8х2+5х+10 =0 11х2-3х-1=0 х2-10х+16=0 5х2+4х-1=0
5х2-20=0 у2- х2-х+0,24 =0 0,64 –у2=0 х2+14х+45=0 11-z2=0
IV. Тапсырма. Кестені толтыр.
Квадрат теңдеудің түрлері
|
Дискриминанттың мәні
|
Квадрат теңдеудің түбірлері
|
Толымсыз
квадрат
теңдеулер
|
ах2=0
(в=с=0)
|
|
|
ах2 +вх=0
(с=0)
|
|
|
ах2 +с=0
(в=0)
|
|
|
|
Толымды
квадрат
теңдеулер
|
Жалпы түрі
ах2+вх+с=0
D=в2-4ас
|
|
|
|
|
|
|
в=2n
ах2+вх+с=0
D=n2-4ас
|
|
|
|
|
|
|
Келтірілген квадрат теңдеу
х2+pх+q=0 мұндағы p=2к
D=к2- q
|
|
|
|
|
|
|
V. Тапсырма: Белгілі түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрыңдар.
сандар
|
2 және 3
|
6 және 2
|
5 және 3
|
0,4 және 0,2
|
1 және -3
|
Теңдеу
|
|
|
|
|
|
Бағалау:
Оқушының аты-жөні
|
№1
|
№2
|
№3
|
№4
|
№5
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды:
Бұрыннан білемін
|
Жаңа ақпарат
|
Менің ойлағаныма қайшы керағар
|
Келісе алмаймын.
Білгім келеді.
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |