Жауап: 1397 жылы
Алаша хан кесенесі
XIV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған ескерткіш. Орталық Қазақстанда орналасқан. (Ұлытау)
ІІІ айналым Тарих пәні бойынша сұрақтар
«Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.
1.«Алаш аңызында» айтылатын үш жүздің негізін қалағандар?
(Үйсін, Болат, Алшын)
2.«Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы? (Алаша хан)
3.ХІІІ ғ. дейін «қазақ»атауының қолданылып келген мағынасы? (Еркін адамдар)
4.Қазақ хандығының астанасы қай қала болған? ( Қазақ хандығының астанасы: Сарайшық қаласы болған.)
5. Қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібекті моғолстан ханы Есенбұға жер бөліп беріп қарсы алды. Сұрақ, қандай себептерге байланысты моғолстан ханы Есенбұға қазақтың сұлтандары Керей мен Жәнібекке Жетісудың батысынан жер бөліп беріп орналастырды? (Есенбұға тұсында Моғолстанның батыс жағынан, оның ағасы Жүніс қауіп төндірген болатын. Өзінің бауырына қол жұмсаудан бас тартса керек. Осы себепті басшылыққа алған есенбұға Жетісудың батыс бөлігіне қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібекті орналастырды.)
6.Ең ежелгі, жер бетінде 1млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген жандар (епті адам)
7.Епті адам сүйегі табылған жер (Олдувай)
8.Бұдан 500-600 мың жыл бұрын өмір сүрген «тік жүретін адам» өкілі(синантроп)
9.Б.з.б 100 – 40 мың жыл бұрын өмір сүрген Неандерталдық адам сүйегі табылған жер ( Германия)
10.Адамдардың ең алғашқы кәсібі ( терімшілік)
11.Рулық қауым қалыптасқан мерзім (шамамен саналы адам тұсында)
12.Тас құралдың жүзін ұсақ ойықтар жасау арқылы өткірлеу әдісі ( ретушь)
Қорытынды: Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы.
«Батыр баба ұрпағымыз бүгінде,
Бойында қан, от ойнаған жүзінде,
Осы күнге жеткізу үшін біздерді,
Үйде туып, түзде өлген тегінде».
Енді аманат бізге қазақ даласы,
Мен қазақпын намысты бір баласы,
«Қазақ» дейтін өнегелі ұлы атқа,
Болмасыншы енді ешкімнің таласы.
Қазақ атты елім бар мақтанамын,
Кең байтақ жеріммен мен бақ табамын.
Елді, жерді сақтап берген бабамның,
Ерліктерін естігенде шаттанамын.
Достарыңызбен бөлісу: |