Қазіргі металлургиялық өндірістер болатты мынадай агрегаттарда балқытады:
мартен пешінде,
конверторде,
электр пештерде.
Мұнда метал кесектерін және темір кеңін салып балқытады. Жоғары температурада ауа қатысында жанғыш газды жағады. Газ жанғанда пештің температурасы 1800 градус жетіп шойын, металл кесектері, темір кені балқып кетеді де ауадағы оттегі арқылы шойынның құрамындағы көміртегі жанып газға, ал басқа элементтердің оксидтері шлакқа айналады.
Шойынды болатқа айналдыру үшін пішіні алмұрт тәрізді конвертордағы балқыған шойын арқылы ауа үрлейді. Шойынның құрамындағы С және басқа элементтер жанып газдар және шлактар түрінде бөлінеді, ал құрамындағы С мен басқа элементтер мөлшері азайған шойын болатқа айналады.