Жетінші бағыт - зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. Бұл бағыттың мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру; балалар мен жастардың тұлғалық ұстанымдарын жандандыру, ақпаратпен жұмыс жасауда функционалдық дағдыларын, ақпараттық өзара әрекеттесуде этикалық нормалары мен құндылықты мақсаттарын қалыптастыру. Зияткерлік мектептердегі тәрбие жұмысының ерекшелігі- оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары және қосымша білім беру арқылы түрлі бағытта білім және дағдыларын дамыту. Оқушылардың шығармашылық, физикалық және зияткерлік дамуы үшін оқушыларға үйірмелер мен қызығушылығын арттыратын сабақтар (спорт, көркемөнер, зияткерлік, техникалық), жаратылыстану – математикалық бағыт аясындағы ғылыми – зерттеу, білім беру ұйымдары негізінде еліміздегі және шетелдердегі сыныптан тыс және элективті курстар ұсынылады. Табысты тәрбие жұмысының негізгі шарты оқу – тәрбие үдерісіне Зияткерлік мектептің барлық қызметкерлерінің қатысуы және мектептің ата – аналарымен ынтымақтастығы болып табылады.
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі білім берудің тәрбиелік компоненті. Зияткерлік мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай кешенді жүйесі құрылған. Мақсаттары, міндеттері, құндылықтары мен күтілетін нәтижелері анықталған. Білім беру үдерісінінің құндылықтары «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясымен сәйкестендірілген. Сондықтан да тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басты ерекшелігі құндылықты – бағдарланған білім беру, білім беру мен тәрбиенің бірлігі, білім беру үдерісіне барлық қатысушыларды тарту, айқындылық пен ашықтық, күтілетін нәтижеге бағытталу, қоршаған әлемді тұтас елестетуді қалыптастыру, білім беру үдерісіндегі барлық қатысушылардың жауапкершілігі болып табылады. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары,ұйымдастыру қағидаттары,тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басты тәсілдері жасалды.
5 слайд
Описание слайда:
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары: Патриоттық тәрбие; зияткерлік даму; адамгершілік тәрбие; еңбек; түрлі мәдени даму; дене дамуы; көшбасшылық қасиетінің дамуы.
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі білім берудің тәрбиелік мазмұны.
Мақсаттары, міндеттері, құндылықтары мен күтілетін нәтижелері анықталған. Білім беру үдерісінінің құндылықтары «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясымен сәйкестендірілген. Сондықтан да тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басты ерекшелігі құндылықты – бағдарланған білім беру, білім беру мен тәрбиенің бірлігі, білім беру үдерісіне барлық қатысушыларды тарту, айқындылық пен ашықтық, күтілетін нәтижеге бағытталу, қоршаған әлемді тұтас елестетуді қалыптастыру, білім беру үдерісіндегі барлық қатысушылардың жауапкершілігі болып табылады. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары,ұйымдастыру қағидаттары,тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басты тәсілдері жасалды.
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары: Патриоттық тәрбие; зияткерлік даму; адамгершілік тәрбие; еңбек; түрлі мәдени даму; дене дамуы; көшбасшылық қасиетінің дамуы.