Тақырыбы: «Тәуелсіз елім Қазақстан» Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі50 Kb.
#91745
Байланысты:
тәуелсіздік


Тақырыбы: «Тәуелсіз елім - Қазақстан»
Мақсаты:
баланың туған жері, елі туралы білімдерін кеңейту.
Осы қиын, жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына деген құрметті дамыту.
Болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әдіс- тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Әлеуметтік инклюзия: Өзге ұлт баласы Егормен жеке жұмыс жасау
Көрнекіліктер: слайд, елтаңба, ту, әнұран, қыс мезгілінің суреттері

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық
қозғаушылық

Шаттық шеңбер:
Көк аспанда күн күлсін
Бірге күлсін бүлдіршін
Ұл қолында ту жүрсін,
Қыз қолында гүл жүрсін.

Балалар шаттық шеңберге тұрып
Өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық
Ізденістік

Балалар біз сендермен
- Біз қай Республикада тұрамыз?

-Республикасының Елбасы кім?

- Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
Республикамыздың қандай рәміздерін білесіңдер?

Ендеше балалар өздерің туған жерге,Отанға, атамекенге деген жүрек жарды лебіздеріңді білу мақсатында сөз кезегін өздеріңе берсем деймін.


Әйгілісің әуеніңмен әлемге,
Әнұраным пәктігіңді дәлелде
Құлағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде.
Айзере
Жыр ғұмыр,жан азығым,
ән ұраным
Мен сені естмесем сағынамын
Алтынға айырбастамас ата-анамдай,
Туғалы сенсің менің танығаным.
Бірігіп бір жүрекпен шырқайтұғын
Ән ұран мемелекеттің халық әні.
Нұрасыл
Мөлдір ,бұлтсызашық аспан күмбезің,
Бейнеленген алтын шапақ күн көзің
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны,
Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім
Көгілдір түс мөлдір, таза пәктігім
Ырымдады болса екен деп алтын күн
Бейбітшілік тыныштықтың нышаны.
Дильназ
Көк кілемде желдей ескен қанаты бар пырағы
Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады.
Жемаядай жүйрік болған,ай мүйізді пырағым
Сол пырақпен бейнеленген ата-баба тұрағы.

Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде


Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде.
Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің
Әлі талай сақталады бүкіл әлем есінде.


Слайд: Астана туралы буклет


Отан туралы тақпақтар:
Отанды біз ата мекен
Деп аялап айтамыз
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз. Айша
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді қорғайды
Өйткені Отан баласындай
Бізді асырап қорғайды. Інжу  
Таң ғажайып атың да дәл табылды
Қазақ елі көкке жетті көк туың
Сен тәуелсіз мемелекетсің кәдімгі. Алихан
Кенге толы қойнауы.
Төлге толы жайлауы
Ол біздің-Қазақтан!
Анамыздай, тілеуі- ақ
Отан бізде біреу- ақ
Ол біздің Қазақстан. С. Інжу


Мақал-мәтелдер
Отан үшін күрес
Елге тиген үлес Амир
Туған жердің қадірін
шетте жүрсең білерсің Нұрсұлтан 
\
Өзін өзі білген ер бақытты
Өзін-өзі билеген ел бақытты. Жанель

- Жарайсыңдар, балалар!


Төс белгімен үш орталыққа бөлінеміз.

  1. Орталық – Жапсыру, (жұлмалау әдісімен ту жасау)

  2. Орталық – Құрастыру (әртүрлі заттардан бәйтерек құрастыру)

  3. Орталық – Мүсіндеу (ермексаздан елтаңба жасау)

Жарайсыңдар, азаматсыңдар!



Қазақстан республикасында
Қ. Тоқаев

Елтаңба, әнұран, ту.


Балалар тақпақтарын айтады.
Балалар мұқият тыңдайды
Балалар слайд арқылы көріп, слайдпен жұмыс жасайды

Мақал мәтелдерін айтады.


Балалар орталыққа бөлініп, жұмыстарын жасайды




 Рефлексиялық
түзетушілік

Міне балалар бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет.Біздің өзіміздің туымыз,Елтаңбамыз, әнұранымыз бар .Егеменді Қазақстанбыз.Сендер Отанымыздың болашақ ұрпағысыңдар!Қазақстанның намысын қорғайтын тірегісіңдер.
Мен қазақпын,биікпін байтақ елім,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мың ғасырға тірілдім мәңгі өлемеске
Айта бергім келеді,айта бергім.
Балалар бүгінгі ұ.о.қ ұнады ма?
Рахмет, балалар!

Тыңдайды.

  • иә


Күтілетін нәтиже: 

Түсінеді: Тәуелсіздік мерекенің маңыздылығын.
Біледі: Отан туралы түсінікті
Меңгереді: Өз халқына, еліне деген сүйіспеншілікті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет