1-жүргізуші:
Қазақстан кеше,бүгін,ертең …
Бүгін (бүгінгі күннің тарихына шолу)
2-жүргізуші:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр!..
1-жүргізуші: Біздің туып – өскен жеріміз, еліміз – Қазақстан. Еліміз мұнайға пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқарып келеді. \ Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер қарыштап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын.
2-жүргізуші Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Еліміз, тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету ұрпақтың, қазақ ұландарының қолында деп есептеймін.
оқушы Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Мұны бізге ешкім алып бермеді.
Тәуелсіздік Қайрат,Ләззат,Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
Достарыңызбен бөлісу: |