Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Кафедра: Балалар хирургиясы
Кафедра меңгерушісі: профессор Марденов А.Б.
СӨЖ
Тақырыбы: Тік ішектің және анустың атрезиясы..
Орындаған: Кусаинова Т
509 топ,Емдеу ісі
Тексерген: Аманов С.Ж.
Қарағанды-2010
Атрезия – ең жиі кездесетін аноректальдық кемістіктердің бірі. Барлық аноректальдық кемістіктердің 75 – 85 %-ын атрезиялар құрайды.(И.К.Мурашова-1957, А.М.Аминев-1965, А.И.Ленюшин-1970, И.Б.Ситковский-1972 және т.б.)
Анустың атрезиясы (перфорацияланбаған анус) ежелден бері белгілі. Ең алғаш Amussat 1835ж. тік ішектің қабырғасын теріге тігіп, ең алғаш анопластика жасады. Стеффенс 1953ж. пуборектальды түйінді (петля) сақтап қалу үшін операцияны сакральды жетумен жасауды ұсынды. Артқы сагитальды жету 1982 жылы жазылып, Ян операциясы деген атпен белгілі. Анустың атрезиясы 1:4000 - 5000 нәрестелерде кездеседі. Стефенс, Cмит и басқалар 1984 жылы Мельбурндегі балалар хирургтерінің конгрессінде аноректальды кемістіктерді пуборектальды түйінге байланысты жоғарғы, аралық, төменгі және сирек (клоака) деп ажырату енгізілді.
Кіріспе
Этиопатогенезі: Стефанстың көзқарасы бойынша аноректальдық кемістіктер клоакалық мембрананың жетілмеуінен немесе ұрықта оның дұрыс бөлінбеуінен болады. Бұл кемістіктердің себептері әлі күнге дейін белгісіз. Ұрықтық даму кезінде көптеген зиянды агенттердің әсерінен мүшенің зақымдалуы пайда болады. Егер іште жатқан нәрестеде қалыпты процесстер бұзылса, әртүрлі кемістіктер дамиды. Анальды мембрана жетілмесе, тік ішек тесігінің атрезиясы, кейде соқыр ішектің энтодермальдық қалдығы жетілмей, артқы тесіктің қақпақшасына жақындамай, клоакалық мембрана қалып қалса, тік ішек атрезиясы дамиды. Г.А.Баиров классификациясы (1977 жылы) – қарапайым төменгі (транслеваторлық) және жоғарғы (супралеваторлық) – жыланкөзбен атрезия төменгі (транслеваторлық) және жоғарғы (супралеваторлық) – артқы тесіктің, тік ішектің немесе екеуінің тарылуы – қуықтық және вагинальдық клоака
Жалпы аноректальдық кемістіктердің классификациясы: А.И.Ленюшкин бойынша (1973 жыл) 1. Атрезиялар: А) Жыланкөзсіз а. анальдық тесіктің және тік ішектің атрезиясы б. анальдық тесіктің атрезиясы в. анальдық тесіктің бүркеніп тұруы г. тік ішек атрезиясы қалыпты анальдық тесікпен Б) Жыланкөзбен а. қыздардың жыныс мүшелеріне (жатыр, қынапқа, қынап аузына) б. ұлдардың зәр шығару жолдарына (қуық, үрпі) в. шапқа (ұмаға және ұрық мүшесіне) В) Казустика (туа біткен клоака, тік ішектің қосарлануы) 2. Тік ішектің туа біткен тарылуы