Бала туған кезде оссификация процессі толығымен аяқталмайды.Түтікшелі сүйектің диафизі сүйек тінінен,ал эпифизі шеміршек тінінен тұрады.Эмбрионалдық дамудың соңғы сатысында эпифизде сүйектену орындары пайда болады.Бірақ көп бөлігі туылған соң алғашқы 5-1,5 жылдарда дамиды.Жаңа туылған нәрестелердің сүйек тіні саңылаулы ретикулофиброзды торлы құрылымға ұқсайды.Өсу барысында сүйектің қайта қалпына келіп отыруы 3-4 жас аралығында ретикулофиброздыдан табақшалы сүйеккке алмасып үнемі өзгеріп отырады. Түтікшелі сүйектердің сүйектенуі жыныстық жетілу кезінде аяқталады: әйелдерде 17-21 жас,ер адамдарда 19-24 жас аралығында.