Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процессі тек қана адамдардың алуан түрлі бірліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін азаматтың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына,нысандарына, бағыттарына, т.б белсенді араласып, оларды терең игеруге, бойына сіңіруге, өңдеуге мәжбүр етеді. Осылардың негізінде тұлғаның ерекшелік қасиеттері одан әрі тереңдей түседі оның әлеуметтік тұрғыдан өзін-өзі тануы, өзінше бағалау қасиеттері қалыптасады.