Тақырыбы: Төрт түлік



Дата25.12.2016
өлшемі256,51 Kb.
#4898
Тақырыбы: Төрт түлік

Мақсаты: 1. Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту. Ұғымдарын толықтыру, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, Сөздік қорын байыту

2. Төрт түлікті күтіп бағуға, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:



Гимнді хормен айту

Кіріспе: Мұғалім сөзі



Балалар, сендер төрт түлікті білесіңдер ме?

- Оларды жақсы көресіңдер ме?

Қазір біздің сабағымызға төрт түлік - яғни, сиыр, түйе, қой, жылқы, ешкі қонаққа келеді. Олар өздерімен бірге сендерге сұрақ қоя келеді. Егер ол сұраққа сендер жақсылап жауап берсеңдер ғана келеді.

Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі туралы не білесіңдер, олардың адамға қандай пайдасы бар?

- оқушы ойын тыңдау

Ойын:

Жануарлар қалай дыбыстайтынын білесіңдер ме?



Егер олар жоғалып кетсе қалай шақырады?

Түйе – көс-көс

Сиыр – аухау-аухау

Жылқы - құрау-құрау

Қой – пұшайт-пұшайт

Ешкі – шөре-шөре

Түйе боздайды. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды. Жылқы кісінейді.

Жануарларды шақыру.

- Төлдер туралы кім қандай тақпақ біледі?

Ботақаным бөбегім

Шырқайтұғын өлеңім

Бөбегімдей тәй басқан

Сені жақсы көремін

Ақ бұзауым ұнайды

Мө, мө деп сүт сұрайды

Ақ бұзау жақсы фермада

Апарамын көрмеге

Әжем жиі сауады

Боз биені баяғы

Сүті неткен көп еді

Суалмай-ақ келеді

4. Сергіту сәті:

«Лағым» әні орындалады

5. Ойын «Үй жануарларын құра»

Әр мүшелерін дұрыс тауып құрау

6. Үй жануарлары туралы қандай жаңылтпаштар білесіңдер?

- Қойымыз семіз

Қозымыз егіз

Өзіңіз келіп

Көрсеңіз дейміз

Екі семіз қозым бар

Семіз сегіз қозым бар

Сегіз семіз қозым бар

7. Төрт түлік жайлы қандай мақал-мәтел, тыйым сөздер білесіңдер?

Малдың жайын баққан білер

Мал баққанға бітеді

Жайылым болмаса мал азады

Түлік төлден өседі

Малдың сүті тілінде

Төрт түліктің төресін – түйе дейді

Малды теппе.

Ақты төкпе.

Малдың басынан ұрма

8. Оқушылар өздері салған суреттеріне шағын әңгіме құрастырады.

9. Жұмбақтар шешу

Кішкентай ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар. (қозы)

Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар (түйе)

Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар

Адам деуге болмайды

Бірақ сақалы тағы бар (ешкі)

Екі айнасы бар

Екі найзасы бар

Төрт жылтырмағы бар

Бір шыбыртқасы бар (сиыр)

10. Қорытынды:



Әділ – қазылардың қорытындысын тыңдап

Озып шыққан топты мадақтау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет