ТЖ зардап шегушілерге көрсетілетін шұғыл мед. көмек түрлері:
-алғашқы медициналық көмек
-дәрігерге дейінгі көмек
-алғашқы дәрігерлік көмек
-маманданған көмек
-мамандандырылған көмек
Медициналық көмектің түрі-
Медициналық көмек көрсетудің және емдеудің жалпы жүйесіндегі белгілі бір міндеттерді шешетін және оны көрсететін адамдардың тиісті дайындығын, жабдықталуын және белгілі жағдайларды талап ететін ресми бекітілген емдік-алдын алу шараларының кешені. Медициналық көмектің әр түрінде (алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмектерден басқаларында) медициналық көшіру кезеңінің мүмкіндігіне және жағдайдың нақтылы медико-тактикалық шартына сай, медициналық көрсетім бойынша зақымданушылардың белгілі бір категорияларына медициналық көшірудің осы кезеңінде орындалатын емдік- алдын алу шараларының бұл тізімінің жиынтығы медициналық көмек көлемінқұрайды.