Трансформатордың температурасын бақылау (температуралық режимді сақтамаса орамалық оқшауламаларының қызмет ету мерзімі кемиді).
Трансформатордың қыздыру деңгейін жүктеменің негізгі шамасымен анықтайды (тұрақты бақылау жүргізу, қуаттың артуын болдырмау).
Трансформатордың орамаларында көп жағдайда оқшаулама қабатының бүлінуі, орауыштың орамдарының арасындағы тұйықталу, шықпа сымдардың үзілуі байқалады.
Орама оқщауламасының сыртқы қабаты бүлінген жағдайда бүлінген қабатты мұқият алып тастап және оның орнына лакты мата оралады.
Орама арасындағы тұйықталу және ораушы сымдары бүлінсе, қаңқадан оралған ескі сымдарды алып тастайды және ораманың паспорты деректерімен сәйкес келетін жаңа ораманы орнатады.