Несепке отырған кезде түйіліп ауыратын ауырсыну циститпен уретритке тән. Жүрек тұсында ауырсыну бүйрек ауруларының салдарынан, тәж артерияларының атеросклерозынан, бүйрек гипертониясынан және уремиялық перикардиттен пайда болады. Артериальді гипертензия - бүйрек ауруларының салдарынан артериальді қысым көтеріледі. Бұл қысымның ерекшелігі әсіресе диастолалық қысымның көтерілуі. Бүйрек ауруларында /гломерулонефрит, пиелонефрит/ бүйрек ұлпасында қан айналым бұзылып бүйрек қан аздықтан ішкі секреция мүшесі болып қанға ренин бөледі, ал ол ангиотензинге айналып қан қысымын көтереді. Қан қысымы көтерілген кезде пациентте басы ауырады, басы айналады, жүрегі қағып, жүрек тұсында ауырсыну пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |