Жазылмас науқасқа оның жағдайын хабарлау керек пе?
Жазылмас науқастармен ашық сөйлесу мәселесі өте қиын болып табылады. Бұл туралы көптеген пікірлер бар. Біреулері, пациентке бүкіл шындықты айтқан жөн десе, екіншілері ауыр науқасқа мейірімділікпен карап, оған жақындап қалған өлім туралы ешнәрсе айтпайды, ал үшіншілері бұл пациенттің қалауымен жүруі керек дейді. Әрине, науқас өзінің жағдайы туралы шындықты білуге құқылы және оның құқығын аяқ асты етуге ешкімнің қақысы жоқ, бірақ «білуге құқылы» және «білуге міндетті» деген ұғымдардың бірдей емес екендігін ұмытпаған жөн. Білу қақысы мен ақпаратты таңдау қақысы бірдей емес. Пациенттің еркіндігі,оның нақты шындықты білуге деген ұмтылысына бағытталған кезде ғана толық болады.