Тақырыбында жүргізілген дистанционды оқыту бойынша орындаған тапсырмалары


Ауыз қуысының ас қорытылуының  бұзылуы



бет4/6
Дата29.12.2021
өлшемі0,79 Mb.
#106158
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
22.02.21 патология

Ауыз қуысының ас қорытылуының  бұзылуы

 Ауыз қуысы тамақ өнімдерінің физикалық қасиеті мен химиялық құрамын қабылдайтын рецепторларға ерекше бай, тағаммен түйісетін ас қорыту жолдарының бірінші бөлімі. Бұл рецепторлардан пайда болатын рефлекстер тек ауыз қуысындағы асқорытуды жүйелеп қана қоймай, сонымен асқорыту жүйесінің төменгі бөлімдері қызметтеріне де әсер етеді.

Ауыз қуысында тамақ ұнтақталады және сілекеймен жібітіледі. Шайнау кезінде тағамның ұнтақталуы мына себептерден бұзылуы мүмкін: 

1.сілекей бездерінің қызметі өзгеруі; 

2.ауыз қуысы кілегей қабатарының, тілдің қабынуы (гингивит, глоссит);

3.тістердің құрамының бүлінуі (кариес) немесе олардың түсіп қалуы (пародонтит);

4.шайнау еттерінің қабынуы, дистрофиясы немесе нервтелуі бұзылуы;

5.астыңғы жақтың буынынан шығуы немесе сынуы.

Ауыз қуысында әртүрлі микроорганизмдер бар,олардың ортасында патогендік түрлері де аз емес. Кариеспен бүлінген тістер, пародонтит кезіндегі қызыл иек қалталары микроорганизмдері ағзаның сенсибилизациясына әкелуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет