Keywords:
comparisons, a language picture, the world model, a national worldview, a spiritual world,
means, a structure.
Адам дүниетанымындағы қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды танудың аса қуатты
құралдарының бірі – тілдегі теңеулер. Тілдегі теңеулер әлемі арқылы адам баласы қоршаған ортадағы
дүние болмысын қарабайыр тілдік суреттеуден бастап, поэтикалық көркем бейнелеу сатысына дейінгі
аралықта таниды. Теңеулердің негізінде адамның бейнелі ойлауы мен дүниені көркем қабылдауының
нәтижесінде ғаламның көркем бейнесі қалыптасады. «…адамның рухани дүниесінің аса қуатты
көріністерінің және ең пәрменді ойлау формаларының бірі – көркем теңеулер» [1,8-9].
Тілдегі теңеулерге лингвокогнитивтік аспектіде барлау жасау арқылы ұлттың тіліне тән менталдық
сипаттары мен тілдік ерекшеліктеріндегі танымдық талшықтарды көруге болады. Адам қандай да бір зат
пен құбылысты олардың өзара ұқсас белгілерін бір-біріне балап, өзара салыстырады. Мұндағы өзара
ұқсатулар мен салыстырулар тілдегі теңеулер арқылы жарыққа шығады. Қазақ теңеулерінің рухани
таным жүйесімен тығыз байланысты екенін көрсете отырып, профессор Т.Қоңыров: «...Теңеу – көркем
ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, дүниетанымның ұлттық өзгешеліктері бас қосқан
категориялардың бірі», - деп тұжырымдайды. [2,3] Яғни, тілдегі теңеу – адамның ой-санасымен, рухани
танымдық тетіктерімен, ассоциациялық ойлау процесімен тығыз байланысты тілтанымдық категория.
Дүниедегі заттар мен құбылыстарды тану барысындағы теңеулер жалпы адамзатқа ортақ. Бірақ әрбір ұлт
дүние болмысын теңеулер арқылы тануда ұлттық дүниетаным тұрғысынан қабылдайды. Демек, әр
ұлттың тілі мен діліндегі дүниені теңеулер арқылы танудағы ұлттық ерекшелігі теңеулердің тілдегі
қолданысынан, когнитивтік мазмұнынан көрінеді. Дүниенің тілдік бейнесін теңеулер арқылы қалыптас-
тыруда әр ұлттың өз дүниетанымына жақын сөздерді қолдануы заңды. Өйткені тіл иесі когнитивті
ұжымның ой-өрісі мен концептуалды әлеміне қатысты дүние бейнесін әр тіл өзінше бейнелеп суреттейді
және ондағы суреттеулер сол ұлттық дүниетанымына тән ғалам бейнесіне сай болады.
Көптеген ғалымдардың зерттеулерінде теңеулердің көркемдігінен бөлек танымдық қасиеті деген
мәселе бейжай қалдырмағандығын көруге болады. Академик Р.Сыздық: «Теңеу – таным нәтижесі,
сондықтан теңеулердің дені этнографиялық, ұлттық сипатта болады» деп көрсетсе [3,161],
А.Х. Бекбосынова, Э.Б. Өтебаевалардың еңбектерінен теңеудің – рухани болмыс пен дүниені танудың
бірден-бір құралы екендігін көруге болады.
Тілдегі теңеулерді лингвокогнитивтік аспектіде қарастырудағы басты мәселелердің бірі – теңеулердің
астарындағы когнитивтік мағынаның қабылдануы болып табылады. Тілдік бірліктердің мағынасы
адамның рухани болмыс бейнесі мен оның ойлау жүйесімен, танымдық тетіктерімен тікелей байланысты.
Мұндағы басты назар аударатын негізгі ұғымдарға: «рухани болмыс бейнесі», «ғаламның тілдік бейнесі»,
«ғалам моделі» секілді когнитивтік категориялар жатады. Аталған категориялардың негізінде тілдегі
теңеулердің когнитивтік мағынасы тіл арқылы берілетін танымдық ақпарат ретінде қарастырылады.
Мұндағы когнитивтік семантика дегеніміз – тіл элементтері арқылы берілетін адам санасындағы концеп-
туалды білімді таным моделі арқылы зерттейтін ғылым саласы.
112
Тілдегі теңеулердің танымдық қызметі ерекше, әрі логикалық тұрғыдан қарапайым және тілде
белсенді қолданылатын теңестіру тәсілі. Рухани әлемді танудың қисынды құралы бола отырып, теңеу көп
қырлы, танымдық мазмұны күшті тілдік құбылыс. «Теңеу психологияда ойлау процесінің бір түрі,
философияда – ғалам бейнесін танудағы күшті құрал» [4,148]. Теңеулердің танымдық табиғатын түсіну
үшін оларды рухани тілдік аспектіде қарастыру арқылы адамның абстрактілі ойлау жүйесін дамытудың
көрінісін айқындауға болады. Ал лингвистикада аталған абстрактілі ойдың тілдік қолданыстағы көрінісі
қарастырылады. Теңеу – өзара салыстыруға тірек болған нысанның бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-
экспрессивтік сапасын күшейтетін көркем-танымдық тетік. Тілдегі теңеулер басқа да тілтанымдық
элементтер секілді адамның рухани танымдық мүмкіндігі мен тілдік қабілетін ұштастыратын
лингвокогнитивтік категория.
Халықтың дүниетанымы өмірге және қоршаған ортаға деген көзқарасы, салт-дәстүрі, көңіл-күйі
тілдегі теңеулерден көрініс табады. Тілдегі теңеулер жекелеген өмірдегі заттар мен құбылыстарға нақты
баға беретін, заманалар бойы атадан балаға өміршеңдік қызметі (аккумулятивтік) арқылы беріліп
отыратын, әр ұлт пен жекелеген тілдік тұлғаларының рухани әлемінен қызықты деректерді беретін
танымдық элемент. Тілдегі теңеулердің ішкі танымдық мазмұнын анықтауда бастапқы теңеуге тірек
болған зат пен құбылыстың түп төркініне зер салып, сол арқылы өзара салыстырудан туған бірліктің түп
көзін тауып, өзіндік ерекшеліктерін ажырату арқылы олардың мәні мен мазмұнын ашуға болады.
Теңеулердің танымдық мағынасы олардың ішкі мағыналық құрылымында жатқан тілдік бейне арқылы
сипатталады. Мысалы, «Қалың қара қастың астынан көзі шырадай жанып тұр» [5,53]. Осы мысалдағы -
дай жұрнағының түбір зат есімге тіркесуі арқылы жасалған көзі шырадай жану тіркесі – шырақтай
мөлдіреген, сұлулыққа толы қыз жанарын суреттеуде әдемі қолданыс тапқан тұрақты теңеулердің
қатарына жатады. Көзі шырадай жанып тұр деген тұрақты теңеудің мағынасының ішкі формасы айқын,
яғни оның мағынасы ішкі формасы арқылы қатталып қалыптасқан. Қазақта көзі шырадай жану, көзі
тұнып тұру – сұлулықтың эталоны. Яғни, рухани таным-түсінік, ұлттық ой-сана мен тілдік мәдениет,
тілдік таным бір-бірімен тығыз байланысты.
Қазақ тіліндегі теңеулердің танымдық сипатына тоқтала отырып, лексика-грамматикалық сипатының
да сан алуандығын айта кетелік. Көбінесе шығармаларда теңеу жасаудың қазақ тілінде бар тәсілдерінің де
бәрі бірдей кездеседі. Олар: Синтетикалық тәсіл, аналитикалық тәсіл, синтаксистік тәсіл, аралас тәсіл.
Теңеу жасаудың синтетикалық тәсіліне үш тұлға қатысады: 1.-дай/-дей; -тай/-тей; 2.-ша/-ше; 3. –нан/-
нен; -дан/-ден; -тан/-тен шығыс септік жалғауы.
Осылардың ішінде Т.Ахметжан шығармаларында ең жиі қолданылатын -дай/-дей; -тай/-тей жұрнағы
болып табылады. Жазушы шығармаларынан жаппай терілген теңеулердің 70%-н -дай/-дей; -тай/-тей
жұрнағы арқылы жасалғандар құрайды.
Жалпы қазақ тіл білімінде, түркітануда -дай/-дей; -тай/-тей жұрнағы шығу төркіні, қызметі туралы
әртүрлі пікірлер бар. Ғ.Мұсабаев: «...ескі түрік әдебиетінің нұсқаларында: -тақ/-тек; -даг/-дег жұрнақтары
Рабғузидің «Қисса-сул-әнбия» деген атақты еңбегінде осы күнгі -дай/-дей; -тай/-тей жұрнақтары орнына
қолданылғаны да айқын» [6] деген пікір білдіреді. Белгілі түркітанушы, профессор Н.К. Дмитриев те осы
пікірді қуаттайды [7]. Бұл жұрнақтың этимологиясы жайында, әсіресе ғалым Қ.Жұбанов пікір айтып [8],
жұрнақтың тег толық мағыналы сөзінің грамматикасы негізінде қалыптасқанын тарихи деректермен
дәлелдеп, салыстыру, теңеу жұрнағы деп атайды.
«Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығының авторлары: «...-дай жұрнағы жалғанған сөздер сөйлем
ішінде екінші бір затты анықтай отырып, семантикалық жағынан анықтап тұрған затты өзі жалғанып
тұрған басқа бір затқа салыстыру, ұқсату мағынасын көрсетеді. Бұл жағынан шырай тұлғасына ұқсас.
Бірақ осы жұрнақ арқылы жасалған сын есімдер, қатыстық сын есім, яғни туынды түбір, демек, бұл
қосымша форма тудырушы емес, сөз тудырушы болғандықтан, бұл форма шырай түрі бола алмайды;
бірақ салыстырмалы шырай мәніне жақындайтын жері бар» [9,77], - деп сөз тудырушы жұрнаққа
жатқызғанымен де, пікірлері екіұшты болып шыққан. Ғалым Ә.Төлеуов те –дай/-дей есімдер мен кейбір
етістікке қосылып, ұқсату, салыстыру мағынасын білдіретін сөз тудырады деген ой айтады [10,42].
Ы.Маманов -дай/-дей; -тай/-тей жұрнағын сөз тудырушы емес, функциялық форма қатарында қарайды.
[11,28].
Қалай дегенде де, -дай/-дей; -тай/-тей жұрнағының тілдік табиғаты күрделі. Оны сөз тудырушы
немесе сөз түрлендіруші деп біржақты қарауға болмайды. Бұл жұрнақтың теңеу жасаудағы қызметіне
келетін болсақ, -дай/-дей; -тай/-тей жұрнағы көбінесе зат есімдерге жалғанып, теңеу жасауға қатысады.
Т.Ахметжан шығармаларында да зат есімдерге неғұрлым көп жалғанған. Мысалы, «Жігіттің тоқтап
қалған жүрегі қайта соқты; ай нұрына шағылысып ақ атластай жылтылдаған сұлудың дымқыл денесі
жігіттің қойнына енді де,..» [12,88]; «Енді қыздың ұлпа денесін су көтеріп, одан сайын қауырсындай жеп-
113
жеңіл боп кетті; сұлу әлі көзін ашқан жоқ» [12,86]. Сөйлемдерде -дай/-дей; -тай/-тей жұрнағы қауырсын,
атлас деректі зат есімдерінің негіздеріне тікелей жалғанып тұр. Әрі теңелген зат – дене де деректі зат есім
болып келген. Қаламгер бірінші сөйлемдегі қыздың дымқыл денесін жылтылдаған атласқа теңейді.
Жазушы қыз денесі мен әдемі атластың сыртқы көрінісіндегі ортақ белгілерді дәл танып, суреттегенде көз
алдымызға екі көріністі де қатар елестетіп өтті. Екінші сөйлемде жаңағы атластай жылтылдаған денені
жеп-жеңіл қауырсынмен салыстыруда сыртқы көрінісіндегі ұқсастық қана емес, қимыл-қозғалысындағы
жеңілдік пен қыз бойындағы нәзіктікті де сезіп тұрғандай боламыз. Жазушы қолданысында
Достарыңызбен бөлісу: |