197
Келесі кезекте «
Мінез
» сөзінің мәні ашылды. «Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен
қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды.
Күнделікті өмірде көпшілік, қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды.
Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайын-
дауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен
қатар, шиеленістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас
тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты
даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан
өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға
қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне
әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді
«Мінезді» ашатын лексиканы ұсындым. Үлестірме материалдарды бердім. Оқытушы:
-
Мінезді сипаттайтын сөздерге қандай сөздер жатады?
-
Адамның жағымды мінездерін атаңыздаршы!?
-
Адам бойында қандай жағымсыз мінездер болуы мүмкін?
-
Жақсы, сонымен қоса адам мінезін сипаттайтын тұрақты тіркестер де тілімізде өте көп. Енді,
балалар, мен сіздерге адамның келбеті мен мінезін сипаттауға қажетті тіркестерді беремін.
Фразеологизмдерді оқып бердім. Кейбір фразеологизмдердің мағыналарына талдау жасалды.
Үй тапсырмасын тексеру. Оқытушы:
-
Мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына
қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасатын болса,
Достарыңызбен бөлісу: