Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы.
Сондықтан онда әрбір халықтың,
ұлттың сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың осындай
ерекшеліктері, мәдениеті, әдетғұрпы, әдеби мұралары, оның психикалық қалпы тіл арқылы ұрпақтан-
ұрпаққа ауысып отырады. Тіл жүйелілікті сүйеді, жүйесіз тіл болмайды.
Сөйлеу тілі мен жазбаша тіл өте
тығыз байланысты. Қазақ тілін қарымқатынас құралы ретінде қолдана білу қабілеттерін бүгінгі қоғам
талабына сай дамыту қажеттігі туындап отыр. Тілдің коммуникация мәселесін теориялық және
әдістемелік тұрғыдан жан-жақты қарастырып, зерттеген профессор Ф.Ш. Оразбаева тілдік қарым-қатынас
сөйлеу әрекетінің бес түрі:
оқылым, жазылым, таңдалым, айтылым, тілдесім
арқылы жүзеге асатын
дәлелдейді [5, 86]. Сөз әдебі, сөйлесім заңдылықтары туралы дүниетанымды немесе көзқарасты
қалыптастыру мәселесі бейіндік сатыдағы «Қазақ тілінің» оқу бағдарламасында көрсетілген сөз мәдениеті
мен шешендік өнер туралы жалпы мағлұматтарда, тілдік құрылымдарда, сөйлеу стильдерін оқу
үдерісінде толық жүзеге асырылмайды. Бұл үдерісте сөз әдебіне қатысты жалпы бағдар берілгенімен,
оның сыры мен қыры толық ашылмайды. Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыздың барысында
ұсынылатын таңдау пәнінде адами қатынастың ең маңызды тетігі саналатын сөз әдебін ұлттық және
жалпыадамзаттық тұрғыдан арнайы үйретудің әрітеориялық, әрі практикалық жолдары өзара ұштасып
беріледі. Онда заманауи педагогика талаптары бойынша, оқушы тұлғасын дамытудың негізгі бағыты
бағдарлама материалдарында тілдік бірліктерді дүниетанымдық, қатысымдық, мағыналық және
қолданымдық тұрғыдан меңгерту болып белгіленіп отыр. Олардың қатарында тілдік сезгірлік, тілдік
талғам, тілдік әдеп нормаларымен қатысты мәселелер тілдік тұлға ұғымымен бірлікте ұсынылады.
Тілдік сезгірлікті дамыту – оқушыны сөз әдебіне төселдірудің басты талабының бірі. Тілдік сезгірлік
–
айналасындағы адамдардың сөзінен үйренген немесе мұғалімнің басшылығымен меңгерген білімдеріне
сүйене отырып, өзінің сөзін сезінуі, өз тілін өзі бағалауға бейімділігі, «сөз әдебі нормаларын қатесіз
сақтай білуі» [6, 35-б.].
Бейіндік мектеп оқушысының тілдік сезгірлігінің екі жағы болады: норманы сезінуі, стильді сезінуі.
Біріншісінде оқушы ол нәрсені басқаша айтуға болмайды деген қағиданы ұстанса, екінші жағдайда
бірнеше мүмкін нұсқалардың ішінен ең тиімдісін таңдай алуға үйренеді.
Норманы сезіну тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормаларды білумен бағаланады,
оған тіл білімінің сәйкес салаларын оқу үдерісінде қол жеткізіледі. Стильді сезінуі тілдік құралдарды
таңдауға негіз болатын сөздің қолданылу аясын, сөздің тақырыбын және жанрын сезінуі арқылы көрінеді.
Бұл бейіндік мектеп оқушысының жас және психологиялық ерекшелігіне сәйкес шығармашылық, өзіндік
ізденіс бағытында жүргізілетін өзіндік, ізденіс жұмыстарында, тіл стильдеріне байланысты тақырыптар
мен сөз мәдениеті мен шешендік өнер түрлерін оқу барысында дамытылады. Ал арнайы ұсынылып
отырған таңдау пәнінде сол білімдер одан әрі жетілдіріліп, нақты практикалық дағдыға айналдырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |