Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Тағы бір  айта кететін ерекше мәселе



Pdf көрінісі
бет9/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   565
Байланысты:
2

Тағы бір 
айта кететін ерекше мәселе, осы болыстардың қоғамдық, топтық ерекше бір шындығы турасында 
(М. Әуезов. А.Құнанбаев); 4) 
Ең алдымен, қазақ әдебиеті сынының туу процесіне өнерпаздық өре берген 
Абай шығармашылығы екенін айту ләзім 
(Т.Кәкішев. Қазақ әдебиеті сынының тарихы) т.б.
Бірінші сөйлемде қыстырма сөз (
әрине
)
 
білімнің дұрыстығын көрсету үшін қолданылған, келесі 
сөйлемдердегі 
атап айтқанда, ең алдымен, тағы бір айта кететін мәселе, бір ескеретін жайт 
тәрізді 
қыстырмалар ғылыми мәтіндердегі логикалық бөлу (бір мәселеге ерекше назар аудару) мақсатында 
жұмсалады. 
Мүмкін, ықтимал, сияқты
, сондай-ақ 
жоқ, емес
болымсыздық тұлғаларымен келетін 
сөйлемдер де осы мәнде қолданылады: 
Көріктеу құралдары қолданылған текстің өзінде әрдайым 
мазмұн мен қалыптың сәйкестігі бола бермеуі мүмкін, демек, текст әсемдіктің биігінен көрінбеуі 
ықтимал
(Р.Сыздық. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі); Таным үдерісіндегі осындай модальділік 
(сенім, күдік, өкініш, ерекше атау, таңданыс т.т.) автордың менталды жай-күйінен хабардар етеді.
Автордың менталды жай-күйін 
шынында, дұрысында, асылында, асылы, тегінде, тегі, сірә 
т.б. 
қыстырмалар да білдіреді, олар сөйлем арқылы айтылған пікірге автордың көзқарасын білдіру үшін 
жұмсалады да, модальдік мән үстейді. Сондықтан сөйлемдер көбінесе
 
мүмкін, сияқты, керек, мақұл, жөн, 
болар, шығар
сөздерімен келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет