11
Барлық өзге жауаптар үшін де шыныммен, барыммен жауап беруге әзірмін дейтін сапарым осы, не
көрсем де тәуекел, өкінбей кететін жолға жүрем… Маған жеке ат-арба әзірлеңдер! – деді де
Әбіштермен бірге жөнелетін болды
(
М.Әуезов). Мысалдағы құрмалас сөйлем құрамындағы
осы
есімдігі
әрі сөйлем арасын, әрі мәтін арасын байланыстырушылық қызмет атқарып тұр.
Өлең жолдарынан мысал келтіріп кетейік:
Қарсы келсең, басыңды кесіп алды,
Ұнаса, арамнан да ішіп алды.
Жанның бәрін бір өзі құлданбақшы,
«Мен де – Құдай» демеген несі қалды.
Жігіттер, анау ойдың түбі жаман,
Ондай жолға кірген жан шықпайды аман.
Кім біледі, Тәңірінің өзіне аян –
Оларға өлгеннен соң қандай заман. (Шәкәрім. Жуандар). Бұл жерде
анау
сілтеу есімдігі өзінің
алдындағы шумақтың арасын байланыстыру мақсатында қолданылған.
Сілтеу есімдіктерінің аралық қатынастарды білдіру жағынан ішінара жақын-алысырақ, алыс-
жақынырақ сияқты қарама-қарсы мағыналарда қолданылатын сөздер болып бірнеше жікке бөлінеді.
Сілтеу есімдіктерінің бұл аралық қатынастарды білдірудегі мағыналық жіктері әрқашан бір есімдік пен
екінші бір есімдікті салыстыра қолдануда, қарама-қарсы ұғымдардағы сөздердің мағыналық айырым-
дарын салыстыра көрсету амалы арқылы ғана айқын көріне алады. Сонда ол амал, біріншіден, мағына-
лық жіктерін қарама-қарсы қойып салыстыруға келетін “жақын” және “алысырақ” деген аралық ұғымды
білдіре алатын сілтеу есімдіктерінің арасында болады [2, 484]. Мысалы:
1.
Анау бір топ қыздың ішінде
Тоғжан да отыр екен
(
М.Әуезов).
2.
Мынау жағалай отырған қыз-келіншек Абайдан көзін алмайды
(
М.Әуезов). 1-сөйлемдегі анау есімдігі алысырақ жердегі затты, құбылысты нұсқаса, 2-сөйлемдегі мынау
есімдігі жақын аралықтағы затты нұсқау үшін жұмсалған.
Немесе мына сөйлемге назар аударып көрейік.
Жұрттың бәрі көшіп, сонау Көкшетауға барып ұлы дүбір мереке жасады ғой
(
М.Әуезов).
Сонау
есім-
дігі қашықтағы заттарды нұсқай көрсететіні айқын көрініп тұр. Сөйлемдерді байланыстыру үшін белгілі
тілдік құралдарға есімдіктердің жататындығына «Складывается впечатление, что внепредложенческие
отсылочные функции указательных местоимений применяются чаще, чем внепредложенческая функция
прямонаправленности» [3, 227] деген көзқарас та дәлел бола алады.
Сілтеу есімдіктері кез келген бірыңғай немесе әр қилы субстанциялар мен құбылыстардың ішінен
белгілі біреуін даралап бөліп алып, соған тыңдаушының көңілін аудару мақсатымен қолданылады.
Мысалы:
Айтқандай сол жаңағы үш жігіт Құнанбайдың мал айдатқан адамдары екен
(
М.Әуезов).
Олардың бұл белгілі бір субстантивті не құбылысты бөліп алып, соған тыңдаушының көңілін аудару
қызметі болса, екінші жағынан, сілтеу есімдіктерінің қолданылу ретіне қарай контексте белгілі бір
нақтылы мағыналарға ие болу қасиеттерімен ұштасып жатады. Ол мағыналық нақтылық өз тарапынан
сілтеу есімдіктерінің қандай сөз таптарының орнына қолданылады деген мәселені қамтиды [2, 485].
Сілтеу есімдігінің мағыналары өзінен бұрынғы сөйлем арқылы айқындалады. Сілтеу есімдіктері арқы-
лы нұсқай айтылатын заттар мен құбылыстар сөйлеу кезеңінен бұрын айтылған, алдын ала ескертілген
нәрселер болады да, олар сөйлеуші мен тыңдаушыға сол алғы ескертулерден таныс болып отырады.
Жай сөйлемдерді құрмаластыруда сілтеу есімдіктерінің қызметі айрықша. Бұл есімдік жай сөйлем-
дерді бір-бірімен байланыстыра отырып, сол сөйлемдердің, яғни құрмалас сөйлем сыңарларының ара-
сында түсіндірмелі мағыналық қатынас жасайды. Басқаша айтқанда, сол, сонша, соншалық, соншама, осы
т.с.с. сөздер келесі сыңардағы айтылатын құбылысқа, ойға сілтейді де, осы сөздердің мән-мазмұны сол
келесі сөйлемдерде анықталады [4, 44-45]. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: