149
Теориялық және тәжірибелік тұрғыдан талдау жүргізу кредиттік жүйеде білім, білік және дағдыны
тексеру қызметтерін, түрлері мен әдістерін төмендегідей топтастыруға болатындығын дәлелдеп
көрсеткен болатын:
1.
Тексеру қызметі: бақылау, оқыту, дамыту, тәрбиелеу, қадағалау, ұйымдастыру, профилактика-
лық және түзету енгізу.
2.
Тексеру түрлері: болжамдық, ағымдық, рубеждік, қорытынды.
Болжамдық (кіріспе) тексеру – әрбір пәнді оқыту алдында пәнді игеруге негіз болатын мектепт
немесе алдыңғы курстарда алған білімдерінің игерілу деңгейін тексеру, (мысалы: өнер мамандығына өнер
мектептерінің бітірушілерін қабылдайды) ол білім алушыға кеңес беру үшін диагностикалық сипатта
болады.
Ағымдық тексеру – сессия аралығындағы оқу процесінің сапасын және нәтижелерін анықтау мақса-
тында сабақтарда жүргізілеті тексеру түрі. Ол оқытушылар мен студенттердің сәйкестігінше оқыту мен оқу
қызметтерін жүйелі атқаруды, меңгерілуі, игерілуі қиын тақырыптарды уақытында анықтауды қамтамасыз
етеді, оқыту процесіне қажетті өзгерістер енгізуге, үлгермеушілерді анықтауға мүмкіндік береді.
Рубеждік (рейтингтік) тексеру
–
студенттің интегралдық индексі яғни, эталоны болып табылады.
Рейтинг – студенттің бүкіл тексеру кезеңінде жинақтайтын эталондық индексі. Рубеждік бақылау семестр
бойы екі рет өткізіледі яғни, 7 апатадан кейін және сол уақыт аралығында өткен нақты бөлім бойынша
меңгерген білім сапасы бағаланады. Сонымен қатар, оқу материалының келесі бөлігін меңгеру алдында,
студенттердің жинақтаған білімдерінің көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай рейтинг аддитивті
шама болып табылады. Ол студенттердің жұмысын әдістемелік тұрғыдан сауатты ұйымдастыру
жағдайында олардың ағымдағы дайындықтарының деңгейін бағалау үшін ғана емес, оған қоса алған
білімдерінің қорытынды деңгейін болжауға да мүмкіндік туғызады. Рубеждік бақылауды қабылдау
түрлеріне жазбаша немесе аузыша бақылау жұмыстары, шығармашылық жұмыстарын көрсету,
коллоквиумғ конференцияларда баяндама жасау, жоба қорғау және т.с.с. мамандықтың ерекшеліктеріне
орай әртүрлі болып келеді.
Қорытынды тексеру
–
пән бойынша қорытынды жасайтын бүкіл курс бойынша әдістерінің
логикасына сәйкес болуы, мазмұндық және басқа да талаптарды қанағаттардыруылары қажет. Емтихан
өткізу түрлері де әр мамандықтың ерекшеліктері қарай болады: шығармашылық жұмыстары,
компьютерлік немесе бланкалық тестілеу, жазбаша және ауызша емтихан.
3.
Тексеру әдістері: оқыту процесінде кері байланысты жүзеге асыруға және оқытудың нәтижелілігі
мен оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұматтар алуға мүмкіндік туғызатын диагностикалық тәсілдер.
Тексердің әдістері әртүрлі болып келеді. Мысалы:
-
шығармашылық жұмыстар – жеке дара немесе топқа арналған жұмыс түрлері;
-
ауызша сұрау – пәннің бір немесе бірнеше бөлімдері бойынша сұрақтарға жауап және жағдайларды
талдау түрінде жүргізілетін тексеру;
-
жазбаша сұрау – курстың жеке бөлімдері бойынша қойылған сұрақтар, талдау, практикалық
тапсырмалармен жұмыс жасауды қажет ететін тексеру түрі;
-
құрамдастырылған – білімді бір мезгілде ауызша және жазбаша бағалауды көздейтін тексеру түрі;
-
тестік бақылау – сұрақтар түріндегі жазбаша тексеру түрі;
-
тренингтер, дөңгелек үстел, интеллектуалдық ойындар және басқалар – өзіндік ойлау дағдыларын
және шешім қабылдай алу іскерліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін ситуациялық жағдаяттардағы
сұрақтарды топпен немесе жеке талқылау;
-
курстық жұмыстар – практикалық тапсырмаларды шешу арқылы теориялық материалды сапалы
игеру мақсатын көздейді.
Бақылау нәтижесінің басты көрсеткіші – баға. Баға – студент еңбегінің жемісі болып табылады. Баға
–
бағалаудан келіп шығатын сандық жиынтық. Ол студентті жақсы оқуға, сауатты, білімді болуға
жетелейтін құрал деп айтсақ та болады. Бағалау – барынша кең түсінік. Ол оқытушы мен тәлім алушы
арасындағы оқу үдерісінің әрбір пән бойынша атқарған қызметінің сапалық және сандық
көрсеткіштерімен сипатталады. Бағалау жүйесі – оқыту технологиялары мен құрылымының өзгеруіне
байланысты өзгеріп отырады. Ғалым-зерттеуші Г.И. Щукина – бағалау мен тексеруді оқушылардың
білімді игеруін басқару функциясы ретінде қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: