297
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан, - дейді. Ақын қиын-қыстауда ел
үрейленіп, айналасын жау торыған заманда дүниеге келгенін сөз ете келе:
Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,
Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім,
Ел көрдім – еңіреп босқан аңды көрдім,
Қойнауында Алатаудың зарды көрдім
Бой бермес ел өмірі асау шері,
Тұрса да құрсауланып тоқсан жері.
Бірде от, бірде суды көктей кешіп,
Талпынып, тілегіне басты ілгері, - деген жолдарда қазақ елінің
төзімділігі, шыдамдылығы сөз болып отыр. Қаншама аласапыран замандарда қиындықтарға мойымай
еркіндікке талпынған ұлттың асқақ арманы орындалған күн бүгін.
Жамбылдың жырлары – терең мағыналы, сондай-ақ, жас ұрпаққа рух беретін педагогикалық ой-
толғамдарға толы тәрбиенің де құралы.
«Жамбыл – менің жай атым,
Халық – менің шын атым»
Достарыңызбен бөлісу: