Keywords:
lexicon, linguistics, spiritual culture, language history, ethnoinguistics, historical lexicon, written
literary language.
Қазақ тілінің тарихи қалыптасуын зерттеп, соның негізінде қазақ тіл білімінде тарихи лексикология
мен семасиологияның негізін салған ғалымдардың бірі ретінде Ғ.Мұсабаевтың аса ден қойып, өнімді
еңбек еткен саласы – қазақ тілінің тарихы. Тіл тарихы мен ел тарихын, сөз тарихы мен табиғатын зерттеу
–
өмір бойы сөз мәніне зер салу мен жинақтап анықтау ғылыми зерттеудің негізі болған. Сөйлеу тіліндегі
көне тілдің сарқыншағы, көрінісі ретінде сақталып қалған ертедегі ру тілдерінің қалдықтары, көнеленген
26
қат-қабаттары бар. Бұған қосымша, қазақ халқының әр кезде көрші халықтармен қарым-қатынасын
көрсететін ауыс сөздер де табылады.
Этнолингвистиканың тамыры лингвистикалық зерттеулер бастауында деуге болады. Белгілі ғалым
М.М. Копыленко этнолингвистиканың негізін түркілердің баға жетпес жәдігері – М.Қашқари еңбегінен
іздесе [1, 4], орыс этнолингвистикасының негізін салушы Н.И. Толстой этнолингвистикалық
пайымдаулар, И.Г. Гердер және В.Гумбольдт еңбектерінде кездеседі деп есептейді [2, 181], ал
этнолингвистиканың тілді оның иесі халықтың рухани мәдениетімен байланыстыра зерттеуге бағыт ала
бастауы – ХХ ғасырдың алғашқы жартысы да, материалдық мәдениет деректерінің этнолингвистикалық
зерттеулердің нысаны болуы да сол ХХ ғасырдың ортасынан қарқынды дами бастады.
Өмір тұтқасына тән қасиеттерін сезіне білген, тілдің тұтастығы белгілі тарихи дәуірде қалыптасқан
[
3,18
]
, дамып жетілген қауым – этностың қалыптасу кезеңдері ұзақ мерзімді қамтиды, сол кезеңдердің
тарамдарында, биік белес толқындарында этностың тыныс-тіршілігі, өмір салты, рухани мәдениетінің
тарихи бастауы, жетілу кезеңдері жатыр, негізінен, этнос тарихы – тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалға-
сып келеді. Сондықтан да этнос тарихын танытуда этнолингвистикалық зерттеулердің маңызы зор. Тіл –
этностың пайда болу кезінен бастап, ұлт, этнос дәрежесіне дейінгі жолының айғағы, айнасы.
Тарихи лексиканы зерттеу барысында туыстас халықтардың тарихымен салыстыра қарастыру өте
тиімді болып келеді. Түркі тілдерінің туыстық жақындығы, өмір сүру жағдайының жақындығы жалпы-
халықтық лексикадан ғана көрінбейді, тарихи лексика элементтері оның айқын мысалы бола алады. Түркі
тілдерінің бірінде кездесетін тарихи сөз лексикалық норма болуы мүмкін
[
4, 44
]
.
Түркі тілдерінің «жалпытүркілік лексикалық қабаты» дегенді шартты түрде қабылдау керек деп
есептейді А.М. Щербак
[
5, 110
]
, себебі белгілі бір атауды жалпытүркілік кезеңнің жәдігері ретінде қарас-
тыру үшін оның барлық түркі тілдері лексикасынан табылуы шарт емес, ол сөздің өмір сүруін дәлел-
дейтін деректің табылуына қарай жеткілікті деп санауға болады. Бірақ логикалық ойлау тұрғысынан алып
қарайтын болсақ, онда жалпытүркілік лексика болғандықтан түркі тілдеріне ортақ, барлығында табылуы
шарт болуы керек.
Жалпытүркілік тарихи лексикалық ерекшеліктерге қарағанда, дыбыстық ерекшеліктер мен граммати-
калық, сөз тудырушы формаларда анағұрлым анық байқалады әрі Ғ.Қалиев сөз тудырушы жұрнақтардың
көпшілігіне жалпытүркілік сипат тән екенін атап көрсете отырып, «белгілі бір түркі тіліндегі тарихи
құбылыстардың тек оған көршілес жатқан түркі тілдерінде де кездесуі, яғни жалпытүркілік көлемде ұшы-
рауы, түркологиялық әдебиеттерде талай рет атап көрсетілгендей, генетикалық, типологиялық белгілері
бірыңғай түркі тілдерінің туыстық жақындығына, сонымен бірге олардың дамуында жалпытүркілік
тенденцияларға байланысты екенін көреміз» [6, 44] деп Ғ.Қалиев жалпытүркілік даму тенденциясымен
байланыстырады.
Жалпытүркілік даму тенденциясындағы басты нәрсе Е.И. Убрятованың пайымдауынша, жалпы-
түркілік сәйкестіктер шегінен шықпау – түркі тілдерінің тарихи ерекшеліктеріне тән, өйткені қазақ тілі
сияқты туыстығы жақын тайпалық тілдерден құралған түркі тілдерінің сөздік құрам жүйесі жете
дамымаған [7, 33], сондықтан жалпытүркілік сипатқа ие сөздердің әр түрлі дәрежеде көрініс беруі басқа
түркі тілдеріне де ортақ. Оны Н.З. Гаджиеваның түркі тілдерінде (материалдарында) айқын қарама-
қайшылықтың болмауы олардың тіл құрылымындағы жалпытүркілік дамудың бірыңғай тенденциясында
деген тұжырымынан көруге болады «… негізгі формалары сақталып қалған да, алғашқы қалпынан
ерекше құбылыстары (инновациялары) жалпытүркілік даму тенденциясына бағындырылған» [8, 23].
Айтылған пікірлерге орай Ғ.Қалиев тарихи құбылыстардың бәрі бірдей жалпытүркілік сипатта
болмайтынын, олардың тіларалық сипатта өмір сүретіндері де ұшырасатынын көрсеткен, осыған байла-
нысты олардың таралуының екі түрін: жалпытүркілік және тіларалық сипатын айқындайды [6, 47-б.].
Қазақ тілі тарихи материалдарын жалпытүркілік негіздің сақталуына қарай саралағанда, аталған
тұжырымдарға сәйкес олардың жалпытүркілік сипатта, бірнеше тіл көлемінде, қазақ тіліндегі сөздің басқа
түркі тілдерінде әдеби тілде қолданылатынын байқауға болады.
Түркі тілдерінің тарихи материалдарына қарағанда, қазақ тіліндегі сөздердің жалпытүркілік сипатта
көрінуі байқалады. Мұндай құбылыс көрші тілдер арасында жиірек ұшырасады. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде алжапқыш – жұмыс істегенде киім кірлемес үшін алдына байлайтын қорғаныш киім, белдемше
мағынасы қазақ сөйленістерінде алшалғыш тұлғасында (Сиыр сауғанда алшалғышыңды ала жүр (Күрш.),
Солтүстік-шығыс аймағында фонетикалық өзгеріске ұшырап қолданылады. Осы мағына татар тілінің
Қамышлы сөйленісінде айлапкыч (алғяпкыч), Батыс Сібір татарлары тілінде алйапма/алъяпкыч, башқұрт
тілінің шығыс диалектісінің Миас сөйлесінде алъяпкыс/япкыс, формаларында запун сөзімен синоним
құрайды, запон сыңары қазақ сөйленістерінде, оның ішінде келтірілген тілдерімен шектесетін аймақта
көрініс береді (Сауыншылар запонсыз сиыр саумайды (Орал, Жымп.). Н.Х. Максютова сөз төркіні фин-
27
угор тілдерінде дегенге сілтейді. Ал алшалғыш/алжапқыш – жалпытүркітілік алды (алдыңғы жақ) және
шалу, жабу сөздеріне -ғыш, -қыш жұрнақтары қосылу арқылы жасалған күрделі аталым, уәждену негізі –
«
тазалық сақтау, күнделікті киімді былғамау», бұл аталған тілдердің бәріне ортақ, яғни тұрмыс-
тіршіліктің тектестігі ортақ тұрмыстық атаулардың пайда болуына түрткі болады.
Тарихи ерекшеліктердің ортақ болуы көршілес, аралас тілдер арасында жиілеу кездесетін құбылыс,
олардың жалпытүркілік негізден тарауы да, ауыспалы ерекшелік болуы да мүмкін. Мұндай ортақтық қазақ
пен қырғыз, қазақ-қырғыз-ұйғыр, қазақ пен өзбек, қазақ-өзбек-қарақалпақ және түрікмен, қазақ, татар,
башқұрт тілдерінде әдеби-тарихи ортақтық басымдау. Мұны жоғарыда келтірген мысалдар айғақтайды.
«
Жалпытүркілік» негізден дерек беретін сөз түркі тілдерінің кез келгенінен, жалпыхалықтық, тарихи
лексикаларында кездесе беруі, мүмкін, жалпыхалықтық немесе тарихи лексикада сақталуы ықтимал әрі
сөз (атау) бір тілдің тарихи лексикасына тән болса, екінші тілде жалпыхалықтық сипатта қолданылуы да
кездесетін жағдай. Қарақалпақ тілінің мақта шаруашылығы, суармалы егіске байланысты лексикасында
қайық сөзі бар, ол «өсімдік отырғызылатын жердің қатары, жолы (грядка) мағынасында қолданылады
[
9, 67
]
,
ал қазақ әдеби тілінде қайық «суда жүзетін ескекті көлік»
[
ҚТТС, 5-т., 547
]
мағынасын білдіреді.
Қазақ тілінің кәсіби лексикасында қарақалпақ диалектісіндегі
Достарыңызбен бөлісу: |