104
арабта:
Таяқпен түрте берсе, есек те тебеген болады.(Ауд. автор)
Есекті қасқырдың қамқорлығына қалдыр. .(Ауд. автор)
қазақта :
Есектің өзі арам, еңбегі адал.
Қазақта жеті қазынаның біріне жататын ит - екі халықтың мақал-мәтелдерінде көрініс тапқан. Ит
мақал-мәтелдерде әр түрлі кейіпте кездеседі. Бірде, ит- асыл дос, жағымды кейіпте берілсе:
арабта:
Ит болмаса, мысық қожа.(Ауд. автор)
қазақта:
Ит жоқта шошқа үреді. Жақсы ит өлгенін көрсетпейді.
Кейде жағымпаз, ақымақ, тентек, арам ниетті, жағымсыз кейірте қолданылады:
арабта
:
Иттің өмірі түзу болмайды. (Ауд. автор)
қазақта
: Ит иттігін жасайды. Итке берсең асыңды
,
иттер тартар басыңды.
Мысыққа байланыс-
ты мақал-мәтелдердің қолдану аясы әр түрлі. Қазақ тілінде мысыққа қатысты, мақал-мәтелдер аз кезде-
сіп, сүйкімсіз, дұшпан, жамандық келтіретін жағымсыз кейіптерде
беріледі. Ал, араб халқында мысық
қасиетті жануар болып
есептелгендіктен, мақал-мәтелдерде молынан қолданылып, жақсылық, данышпан-
дық, қасиеттілікті көрсетуде жұмсалады:
арабта:
Мысық жоқта тышқан басқа шығады.(Ауд. автор). Мысығы бардың жеті күші бар. (Ауд.
автор)
қазақта:
Мысықтың тілеуі жаман. Ит ашуын мысықтан алады.
Ал, кейбір араб мақал-мәтелдерінде мысық - қу, айлакер кейіпінде қолданылады:
Мысық ашық
қоймадан құтылады.(Ауд. автор). Жеп алып, жемегендей болатын мысық сияқты.(Ауд. автор)
Үй жануарларына қатысты мақал-мәтелдер арасындағы ерекшеліктерді төмендегі кестеден көруге
болады:
Үй жануарлар
Тілдер
Сан мөлшер
Жағымсыз
кейіпте
Жағымды кейіпте
Түйе
Араб
200
5
195
қазақ
20
6
14
Жылқы
Араб
40
10
30
қазақ
50
2
48
Есек
Араб
210
156
54
қазақ
52
43
9
Қой-ешкі
Араб
10
----
10
қазақ
109
7
102
Мысық
Араб
257
2
255
қазақ
24
24
----
Ит
Араб
30
21
9
қазақ
84
49
33
Араб және қазақ тілдері, тілдік табиғаты тұрғысынан туыс тілдер емес. Бірақ дінінің ортақтығы мен
тарихының түйісетін жерлері, мәдени-экономикалық
байланысы – олардың тілдеріндегі кейбір элементтердің ортақ болуына әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: