Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет463/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   565
Байланысты:
2

Әңгімелесу
– 
бұл сипаттамалық немесе әңгімелеу түрінде 
жүзеге асырылады. Басым көпшілігінде нақтылы материалдың жүйелі баяндалуы қарастырылады. Жеке 
тұлғаның патриоттық қасиеттерін тәрбиелеу кезінде берілген әдіс Қазақстанның көрнекті адамдарының 
өмірбаяндық материалын баяндағанда, бейнелерді сипаттағанда, тарихи дәстүрлерді, ұлттық мәдениетті, 
қоғамдық өмір оқиғаларын және т.б. сипаттағанда кеңінен қолданылады [3;9]. Әңгімелесуге тәрбиелеу 
қызметінің әдісі ретінде бірқатар талаптар қойылады: баяндау қисындылығы, жүйелілігі және дәлелділігі; 
нақтылық, бейнелілік, эмоциялылық. 
Егер қандай да бір ережелердің (заңдардың, принциптердің, тәртіп нормаларының және т.с.с.) 
дұрыстығын дәлелдеу қажет болған жағдайларда әңгімелесудің көмегімен айқын және нақты түсіндіруді 
қамтамасыз ету мүмкін болмаса,
түсіндіру
әдісі қолданылады. Түсіндіруге берілген пікірдің ақиқаттылы-
ғын анықтайтын, қисынды байланысқан ой тұжырымдарын пайдалануға негізделген, баяндаудың 
дәлелдемелік нысаны тән. Көптеген жағдайларда түсіндіру студенттердің бақылауымен, тәрбиелеу 
процесін ұйымдастырушының оларға және керісінше сұрақтар қоюымен үйлеседі, және әңгімеге ұласуы 
мүмкін. 
Сұхбат
– 
бұл тәрбиелеу процесін ұйымдастырушының және студенттің белсенді өзара әрекет-
тесуінің сұрақ-жауап әдісі. Сұхбатта негізгісі – бұл студенттерді субъектімен көзделген тәрбиелеу 


334 
процесінің мақсатына біртіндеп әкелетін сұрақтардың мұқият ойластырылған жүйесі. Сұхбатқа дайын-
далып, ол тәртіп бойынша негізгі, қосымша, жетекші, нақтылаушы сұрақтарды көздеуі тиіс.
Дәріс, 
әдіс 
ретінде көбінесе әңгімеге жақын болуы мүмкін. Сонымен бірге үлкен ақпараттық-танымдық сыйымды-
лығымен, қисынды құрылымдардың, бейнелердің, дәлелдемелер мен жалпылама қорытындылардың 
күрделілігімен ерекшеленеді. Патриоттық тәрбие тақырыбы бойынша дәрістердің өзгешелігі тақырып-
тың сипатынан, құрылым нысанынан, ғылыми және идеологиялық ақпараттың көлемінен, студенттердің 
бойында Отанды қорғауға әзірлікті қалыптастыру бойынша функционалдық мүмкіндіктерден айқында-
лады.
Жеке тұлға түсіндіру мен сендіру құралдары ретінде сөз бен ойдың әсер етуі нәтижесінде ғана 
дамымайды. Басқа адамдардың тәртібі мен қызметінің жақсы үлгілері мен мысалдарының үлкен 
тәрбиелік мәні бар. 
Үлгі 
әдісі студенттерде биік ойлар тудыру, «өмірді кімге қарап жасау керек» деген 
игілікті мақсат-перспективаны анықтау үшін пайдаланылады. Үлгіге сүйену саналы сипатты болады, 
студенттер өздері таңдаған тұлғаның жеке қасиеттерін, ішкі қасиеттерін, кейде сыртқы мәнерлерін 
пайдаланады. Ежелгі Рим философы Сенека: «Жақсылыққа адамгершілік қағидалары арқылы жету қиын,
мысалмен жету оңай» - деп пайымдаған. 
Қоғамдық пікір. 
Бұл - студенттер ұжымы қызметінің әдісі. 
Қоғамдық пікір ұжымның дамуымен және қалыптасуымен бірге құрылады және ұжымның студенттің 
жеке тұлғасына әсер ету әдісі болып табылып, ұжымда жұмыс істейді. Әдетте берілген әдіс, студенттер-
дің әдеттерін, әрекеттерін, пікірлерін анықтап, олардың тіршілік әрекетінде елеулі роль атқарады. Ол 
бағалау, шектеу және ынталандыру қызметтерін орындайды. Бірақ қоғамдық пікір кездейсоқ құрылмай-
ды. Осы күрделі және нәзік процеске студенттер де, тәрбиелеу процесін ұйымдастырушылар да қатыса-
ды. 
Сендіру
. Сендіру әдісінің ролі патриоттық тәрбиелеу процесінің студенттердің саналылығын дамыту-
мен, олардың тәртіп ережелерін және қоршаған болмысты түрлендірудегі өзінің орнын түсінумен табиғи 
байланысты болуымен анықталады [3;11]. Патриоттық тәрбиелеу әдісі, процесі және осы процестің 
нәтижесі ретінде, жеке тұлғаның тұрақты өмірлік ұстанымы ретінде сендіру әдісін ерекшелеу қажет.
Жеке тұлғаның қоғамдық патриоттық мінез-құлқының қызметін ұйымдастыру және тәжірибесін 
қалыптастыру әдістері. 
Үйрету
әдісін қолдану кейбір педагогикалық шарттардың сақталуын талап етеді. 
Ненің меңгерілуі тиіс екендігі туралы анық түсініксіз үйрету мүмкін емес. Студенттерге іс-қимылдардың 
сол немесе басқа бейнесін белгілей отырып, оны аса қысқа және айқын ережеде білдіру қажет. Әрбір 
берілген уақыт бөлігіне олардан патриоттық тәртіп түрі қалыптасатын, минимум жеке іс-қимылдар 
ерекшеленуі тиіс. Тәрбиелеу процесін тәжірибелі ұйымдастырушылар патриоттық тәртіптің тәрбиелене-
тін түрінің үлгісін көрсетуге, оған оң көзқарасты құруға үлкен мән береді. Әдетті қалыптастыру үшін
уақыт талап етіледі. Алдымен жасалатын іс-қимылдың дәлдігіне және сонан кейін ғана жылдамдығына 
қол жеткізу керек. Үйрету әдісі іс-қимылдың орындалуын бақылауды болжайды, ол студенттерге мейір-
банды, мүдделі қатынасты, пайда болатын қиындықтарды айқындау мен талдауды, әрі қарай жұмыс
істеу тәсілдерін талқылауды талап етеді. Студенттердің өзін-өзі бақылауын ұйымдастыру одан да 
маңызды болып табылады. Үйрету әдісі жаттықтыру әдісімен тығыз байланысты. Жаттығудың
механикалық дағдыландырумен және тәртіптік психология: ынта-реакция-бекіту рухында жаттықтыру-
мен ортақ ештеңесі жоқ. Әдетте тәрбиелеудегі 
жаттықтыру әдісі
деп студенттердің дұрыс тәртібінің, 
міндеттерді шешудегі дербестілік тәжірибесін жинақтауына, олардың жеке қасиеттерін, сезімі мен еркін 
дамытуға, жақсы әдеттерді қалыптастыруға, білім, сендіру және тәртіп, сөз бен іс арасындағы бірлікті 
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, күнделікті өмірді, оқыту процесін, қызметті ұйымдастыру жүйесін 
түсінеді [3;13].
Педагогикалық
 
талап
. Педагогикалық талап патриоттық тұлғаның дамуын басып озбай, сонымен 
қатар студенттің өз-өзіне қоятын талаптарына ауысуы тиіс. Талап оның алдында сол немесе басқа қызмет, 
мысалы, азаматтық парызын орындауға әзірлігі процесінде жүзеге асыруға тиесілі нақты міндет ретінде 
болуы мүмкін. 
Кеңес беру. 
Бұл әдіс колледжда айтарлықтай танымал және қолдануда қарапайым. 
Тәрбиелеу процесін ұйымдастырушылар өз тәжірибесіне сүйеніп, оны студенттерге кеңес беру арқылы 
беруге талпынады. Бұдан басқа, кеңес беруді пайдаланып, оқытушы (немесе студенттер) жол-жөнекей, 
ығыр қылмайтындай, өзінің студенттердің қылықтарына, іс-қимылдарына, пікірлері-не өз көзқарасын 
жеңіл түрде білдіреді және осылайша оларды өзгертуге талпынады. Бұл кеңестердің ішкі мағынасын 
ұғыну және дараландыру үшін, олардың адресатпен қабылдануы өте маңызды. 
Жеке тұлғаның қызметі мен тәртібін ынталандыру және мотивациялау әдістері. Кез келген қызметтің 
тиімді өтуі, жеке тұлғаның бар күшін салып белсенді әрекет ету мен алға қойған мақсатқа табандылық-
пен жетуіне байланысты болып келеді. Егер адам бойында шарасыз қиындықтарды, қолайсыздықтар мен 
басқа жағдайларды жеңетін қасиеттер, күшті, айқын, терең дәлелдер бар болса,кез келген әдіс сапалы 
нәтижелер береді. Қызметті мотивациялаумен оны ынталандыру тығыз байланысты. Ынталандыру – 


335 
ойға, сезімге және іс-қимылға ояту, түрткі, күш беру. Студент тұлғасына патриоттық тәрбиелеу факторы-
ның әсерін нығайту және күшейту мақсатында ынталандырудың әр түрлі әдістерін қолданады. Олардың 
арасында жарыс, көтермелеу, жазалау және т.б. аса кең таралған болып табылады. Тәрбиелеу процесінде 
жарыс
адамға салауатты бақталастыққа, басымдылыққа, озықтыққа, өзін танытуға ұмтылу, жоғары 
дәрежеде тән болуына септгігін тигізеді. Әлеуметтік-психологиялық фактісі есепке алынып, тәрбиелеу 
процесінің субъектісімен құрылады. Студенттерді еңбекте және қоғамдық қызметте ең үздік нәтижелерге 
жету үшін күреске қатыстыру артта қалушыларды озықтар қатарына шығарады, белсенділік, ынталылық, 
жаңашылдық, жауапкершілік және ұжымшылдық сияқты патриоттық қасиеттердің дамуын ынталан-
дырады. 
Көтермелеу 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет