144
Диалог жалғасу үшін бірінші айтқан сөз аса маңызды болып табылады, себебі ол бастапқы сөйлеуші
және тақырыпты ұсынушы. Ал серіктес адамның сөзі тақырыппен үндесуі керек, алайда оның не
айтатынын алдын ала болжау қиын.
Күнделікті диалогтық қарым-қатынаста серіктестердің әрқайсысы кезекпен-кезек жетелеуші және
жауап беруші рөл атқарады.
Диалогке эмоциональдық, экспрессивтік және жөпелемдік қасиет тән.
Диалогтік лебіз барысында қарым- қатынасқа түсушілердің әрқайсысы төмендегідей психологиялық
тұрғыдағы міндеттерді шешеді:
-
қайталанбас үшін диалогке түсушімен болған алдыңғы әңгімесінің мазмұнын есте сақтау;
-
өзінің және әңгімелесушінің айтқанын есіне сақтау;
-
дер кезінде өзінің пікірін айту (қарым-қатынас мәдениетін бұзбай)
-
өз айтқандарының дұрыс тілдік формада болуын қадағалау;
-
әңгімелесуші қолданған паралингвистикалық құралдардан да (мимика, жест) ақпарат ала білу.
Диалогтық лебіздің негізгі психологиялық ерекшеліктеріне оның жағдайлылығы жатады, сондықтан
оның мазмұны сол жағдайға байланысты ғана түсінікті болады.
Бүгінгі таңда кез келген оқытушы өз пәні саласындағы аялы білімді меңгеріп қана қоймай , сонымен
қатар жаһандану үрдісіндегі инновациялық технологияларды, әлемдік деңгейдегі әдіснамаларды, қазіргі
замандағы оқушылардың білімді қабылдау ерекшеліктерін, информатика мен компьютерлік бағдарлама-
лардың мүмкіндіктерін толығымен меңгеруі тиіс. Сонда ғана олар Елбасымыз айтып кеткен биіктерден
көріне алады. Бұл, әсіресе, қазақ тілі оқытушыларына қатысты деп ойлаймыз, себебі талантты жастар өз
ойларын мемлекеттік тілде дұрыс жеткізе алуға, тілдік қатынасқа түсе білуге, шебер де шешен сөйлеу
дағдыларын меңгергенде ғана мақсаттарына жете алады.
Осы ретте қазақ тілі мұғалімдерінің өзінде де лингвистикалық құзыреттіліктің болғаны дұрыс деп
есептейміз. Лингвистикалық құзіреттілік дегеніміз- қазақ тіл біліміндегі негізгі тілдік категориялардан
хабардар болу, тіл білімі саласындағы жаңалықтарды үнемі қадағалап отыру, тілді меңгертудің озық
технологияларымен таныс болу және т.б.
Осыған орай тіл мамандары үнемі ізденісте болып, өз бетімен білімдерін жинақтап, қайталап,
толықтырып отырғаны жөн деген ойдамыз. Оған жету үшін:
-
әр түрлі жанрдағы мәтіндерді құрастыра және талдай алу;
-
коммуникативтік интенция мен қарым-қатынас жағдаятына сәйкес тілдік бірліктерді оңтайлы
қолдана алу;
-
жазбаша не ауызша мәтіндердегі ақпараттардың негізгі мәні мен мазмұнын нақтылай алу;
-
стиль түрлерін ажырата алу, әртүрлі стильге қатысты эссе жаза білу не мәтін құрастыра алу;
-
ғылыми - кәсіби ақпараттарды жүйелеу және пайымдай алу;
Міне, осындай іс-шаралар, біздің ойымызша, облысымызда аталмыш Аймақтық үштілділік
бағдарламаның орындалуына және оның толыққанды жүзеге асырылуына себін тигізері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: