201
Дыбыс үндестігіне ұшырайтын сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыратын жұмыстардың маңызы
зор, олар студенттердің дұрыс сөйлеу нормасын қалыптастырады. Ғылыми түрде сұрыпталынып
алынған сөйлемдер мен мәтіндерді дұрыс оқып, дұрыс айтуға жаттықтыру өте қажет.
Алдымен жаттығуларда қатысымдық бағыт болу көзделеді. Тілді үйретуде қатысымдық бағыт
негізгі орын алу қажет екені әдістеме ілімінде әбден дәлелденгені қазір ешбір күмән туғызбайды.
Жаттығулар студентті белсенді түрде ойлануға мәжбүр ететін болу керек. Мұнда студенттің
шығармашылық қабілеті, мүмкіндігі ескеріледі, сол арқылы ойлауы дамиды. Бұл жаттығулардың
мазмұнына да қатысты. Мазмұнға қойылатын талапты ескеру қажет. Сонда ғана студент сөйлеуге
үйреніп қана қоймай, тілдік бірліктерді де біріктіреді.
Дыбыс үндестігін меңгеру арқылы қазақша сөйлеуге үйрететін жаттығуларды орындату үшін
төмендегідей талаптар қойылады:
1. Жаттығуларды орындауға қажетті тілдік бірліктерді меңгерген болу керек. Дыбыс үндестігі әр
қосымшамен байланысты үнемі еске түсіріліп, қайталануы заңдылық. Ол оқытудың бір кезеңіне ғана
қатысты заңдылық емес. Сондықтан тілдік бірліктердің дыбыстық нұсқаларын қолдауды меңгеруде
студент дыбыс үндестігіне сүйеніп отырады. Олай болса, жаттығулар түрлерін орындау үшін, студентке
тілдік бірліктерді білу және оларды дұрыс таңдап қолдану дағдысы болу қажет.
Ол тілдік жаттығуларда орындалады, ал сөйлеу жаттығуларында жалғастырылады, ал қатысымдық
жаттығуларда дамытылады.
2. Жаттығуларды орындату үшін студенттің оған қатысты сөздік қоры болу қажет. Жаттығу тақыры-
бына сай жеткілікті сөздік қор сөйлеу жаттығуларын орнатуға мүмкіндік береді. Қажетті жаңа сөздер
жаттығуларда беріліп отырады. Бірақ тақырыпқа қатысты негізгі ойға қажетті сөздік қор студентте болуы
керек, оның жаңа сөзбен толықтырылуы – қатысымдық жаттығуларды орындатуда өрбітіледі.
3. Жаттығулар адамның өз ойын тілдік нормаға сай басқаға жеткізуін талап етеді. Ал аяқталған ой
сөйлем арқылы беріледі. Студент ойын басқаға жеткізу үшін сөйлем құрастыра білуі керек. Ол үшін
сөйлем құрайтын мүшелерді, олардың сөйлемдегі орын және бір-бірімен байланысу жолын білу керек.
Бұл мәселелерге тілдік және сөйлеу жаттығулары кезінде студент үйренеді, дағды алады. Сол дағды
қатысымдық бағыттағы жаттығулар кезінде ойланбай қолданылатын дәрежеге келтіріледі.
4. Тілдік жаттығуларда жасалатын дайындықтың бірі – орфоэпиялық норма. Бұл тілдік жаттығу-
ларда дыбыстарды өткен кезде, дыбыс үндестігімен байланысты мәтіндерді оқуда қалыптастырылады.
Сөйлеу жаттығулары әңгімелесім, сөйлесім, пікірлесім ретінде болғандықтан, студент сөйлеу
жаттығуларын орындауда орфоэпиялық норманы меңгеру дағдысына сүйенеді.
5. Тілдік, сөйлеу жаттығулары тек ауызша ғана орындалып қоймайды, жазбаша да орындалады.
Сондықтан мұнда тілдік жаттығуларды меңгерілген орфографиялық белгілі дәрежедегі сауаттылық
болуы қажет. Студент мазмұндама, шығарма, эссе жазғанда жазбаша орындалатын жұмыстарды
орындағанда тілдік жаттығуларда игерілген сауаттылыққа сүйенеді, соны сөйлеу жаттығуларында
дамытады, ал қатысымдық бағыттағы жаттығуларда қалыптастырады.
6. Жаттығулардың тақырыбы алуан түрлі, оның бірсыпырасы тілдік жаттығуларда кездесетіні
белгілі. Сөйлеу жаттығуларында олар өрбітіледі, кеңейтіледі. Сондықтан сөйлеу жаттығуларын
орындатуда түрлі тақырыпта сөйлей алу дағдысының алғашқы адымы тілдік жаттығуларда жасалуы
сөйлеу жаттығуларына дайындық болады. Ал қатысымдық бағыттағы жаттығуларында тақырыптар
кеңейтіліп, дамытылып, еркін, сауатты сөйлеуге үйренеді. Меңгерілген материалдарды нағыз сөйлеу
дағдысын қалыптастыратын қатысымдық бағыттағы жаттығулар түрлері арқылы меңгертіледі.
Достарыңызбен бөлісу: